«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Дәмді» диплом қорғауы

2016 жылғы 03 Маусым
- Астана қаласы
9048 просмотров

Астанадағы Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінде дуальдық жүйе бойынша оқып шыққан студенттердің басым көпшілігі жұмысқа орналасып үлгерді

Таяуда мұнда эксперименттік топ дипломдарын қорғады. Және де ол өте ...дәмді өтті! «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығының 24 студентіне өздері таңдап алған екі тәтті тағамды пісіру міндеті жүктелді. Комиссияға балдан, шоколадтан, ірімшіктен жасалған торттар, жаңғақ печеньелері, пахлава және басқа тағамдар ұсынылды.

Эксперименттік топты дуальдық оқыту Астана қаласының Білім басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы, оқу орны және негізгі әлеуметтік серіктес –  «Елорда асханасы» ЖШС арасында жасалған төрт жақты келісімшарт аясында бір жыл тоғыз ай бойы жүргізілді. Соған сәйкес, эксперименттік топқа арнап тиісті оқу жоспары әзірленді, оның 60%-ы тәжірибеге бөлінді.

«Өндірістік оқу мен тәжірибеден біздің балалар «Елорда асханасы» ЖШС-нің асханаларында, сондай-ақ  «Radisson», «RixosPresidentAstana» тәрізді ірі қонақүйлердің мейрамханаларында және «Медальон» мейрамханасында өтті. Білім берудің дуальдық жүйесін зерттеу үшін Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп халықаралық сарапшы Georg Maeding тартылды, ол өндірістік оқудың шеберлері мен студенттерге арнап шеберлік сыныптарын өткізді», – деді эксперименттік топтың кураторы және өндірістік оқыту шебері Алла Король.

Студенттер  аталмыш оқу жүйесіне разы. Олардың басым көпшілігі қазірдің өзінде жұмыспен қамтылды және жалақы алуда. Бұл ретте оларға бастапқы тәжірибелері көп көмектесті.

«Біз бекітіліп берілген аспаздар базалық білімдеріміз жақсы екенін атап айтты. Енді тәжірибе жинақтау керек. Біз ас мәзірін зерттеп, жұмысқа кірістік. Қазірде ас даярлау үйреншікті іске айналды. Олардың аспаздарымен тең дәрежеде даярладық. Адамдар наразылық танытқан жоқ», – дейді жас түлек Марклен Түсіпов.

Бұл жастың пікірінше, дуальдық әдіс – оқытудың тамаша тәсілі. Ол оқытушылық құрамға және Кәсіпкерлер палатасына өздерінің мамандықты меңгеруіне жасаған мүмкіндіктері үшін алғысын білдірді.

«Бізде аспаздық іс негізінен әйелдердің кәсібі саналады, бірақ мен мұндағы ең бастысы – мамандыққа көзқарас деп есептеймін. Қатал адам пештің жанында тұра алмайды. Менің ұраным: «Талғаммен жұмыс істейміз!». Үйде ас әзірлеймін, бірақ қазір жұмысқа шыққалы бері, оған уақыт жетпей жатыр. Маған еуропалық тағамдар жақын. Басты тағамым – стейк, ал тәтті тағамдардан «тирамису» сәтті шығады», – дейді Марклен.

Дуальдық оқытуды енгізу аясында өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар үшін біліктілікті көтеру жөніндегі әртүрлі курстар және семинарлар ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Айталық, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Тәлімгерлік – дуальдық оқытудың негізгі факторы» деген тақырыпта семинар өткізді. Дуальдық оқыту және тәлімгерлік элементтері жайында қонақтарға Трир қаласы Кәсіпшілік палатасының сарапшысы Циммер-Валентини Манфред Матиас мырза айтып берді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер