«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сәл тосса, субсидия алады

2016 жылғы 03 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
11858 просмотров

Уәлиханов ауданындағы Кәсіпкерлерге қолдау орталығының кеңес берушілері фермерлерге ауылшаруашылық техникаларын сатып алу үшін субсидия алуға қажетті құжаттар пакетін жинауға көмектесті

Қазақстан Республикасының аумағында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мен дамытудың түрлі бағдарламалары, оның ішінде техника алуға кеткен шығынды субсидиялау бағдарламасы бар. Осыдан біраз уақыт бұрын сатып алынған МТЗ-82.1 МИНСК маркалы  тракторды субсидиялау мәселесі бойынша Кәсіпкерлерді қолдау орталығына «Нұрислам» ФҚ басшысы Нұртас Нұрғазин келіп жүгінген.

«Аудандық филиалдың кеңес берушісі Қуанышбек Дүйсембаев «Казагромаркетинг» ААКО маманымен келіссөздер жүргізгеннен кейін қажетті құжаттар пакеті түзілді. Нәтижесінде, фермерлік қожалық басшысына жиналған құжаттарды тапсыру үшін облыс орталығына барып, тракторды субсидиялауға өтінім беріп, комиссия шешімін күту ғана қалды. Субсидия еш кедергісіз беріледі деп ойлаймын», – деді Палата филиалының директоры Батырхан Ахметов.

Сонымен бірге, ол келіп түскен өтініштердің ешқайсысы қызметкерлер назарынан тыс қалмайтынын айтты. Себебі олардың әрбірі аудандық филиалға жүктелген басты міндет – жергілікті бизнес-климатты жақсартып, аудандағы кәсіпкерлікті дамыту екенін түсінеді. Әлеуетті кәсіпкерлер арасында КҚО-ның бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру, жобаларды қолдау, сонымен бірге бизнес-жоспарларды даярлауға және екінші деңгейлі банктерден несие алуға құжаттар жинауға көмек көрсету сияқты құқытық сипаттағы қызметтері сұранысқа ие. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер