«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

9 жобаға 900 миллион

2016 жылғы 02 Маусым
- Шымкент қаласы
15242 просмотров

Жақында, облыстық қаржы институттарының мақұлдауымен тағы 9 жобаға 926 млн теңге бөлініп, көп ұзамай ол қаржы кәсіпкерлердің қолына тимек

Барлық жоба Кәсіпкерлер палатасы мамандарының көмегімен жүзеге асырылып отыр.

«Нумариддин-ата» шаруа қожалығының басшысы Ахмет Румандинов құны 111 млн теңге тұратын ірі қара малды бордақылау жобасын іске асыру үшін Палатаға жүгінген. Мамандар кәсіпкерге бизнес-жоспарды тегін құрып берді және «АИО Максимум» ЖШС қаржы ұйымы арқылы 7 пайыздық жылдық несие бойынша жобаны толығымен жүзеге асыруға көмек көрсетті. Ахмет Румандинов бұл қаржыға ОҚО-дағы Сайрам ауданында бордақылау алаңын салуды және 500 бас ірі қара мал сатып алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкер ет өнімдерін Шымкенттегі базарларға апарып сатпақ.  

Сондай-ақ, мақұлданған жобалар арасында – жартылай эфирлі талшықтардан синтепон алу (Мақтаарал ауданы), Сарыағаш ауданының курорттық аймағында емдеу-сауықтыру кешенін салу, Қазығұрт ауылында балалар ойын-сауық орталығын ашу, кондитерлік өнімдерді өндіру, бидай, мақсары, жоңышқа егістіктерін кеңейту сынды басқа да жобалар бар.

«Бизнес-жоспар әзірлетуге жүгінетіндердің басым бөлігі – бұл ауыл кәсіпкерлері, – дейді маркетинг қызметтері жөніндегі менеджер маман, ОҚО КП бас «бизнес-жоспарлаушысы» Оксана Бажан. – Олардың бізден кеңес алып, соның арқысында өз ісін ашып немесе бизнесін кеңейтуі бізді де қуантады».

Сервистік қолдау аясында Кәсіпкерлер палатасының мамандары ағымдағы жылдың соңына дейін мыңдаған бизнес-жоспарларды әзірлеуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта Кәсіпкерлер палатасы бастауыш кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының барлық спектрін, атып айтқанда бизнес-жоспарлар мен сайттарды тегін әзірлеуді, бухгалтериялық есепті жүргізуді, мемлекеттік сатып алуға қатысуды немесе кедендік рәсімдеу үшін тәжірибелік көмек көрсетуді жүзеге асырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер