«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табанды күрестің жемісі

2016 жылғы 01 Маусым
- Ақмола облысы
5905 просмотров

ӨКП заңгерлері Атбасар ауданындағы кәсіпкерлер шоғырына қатысты туындаған даулы мәселеге біржола нүкте қойды

Лариса Матвеева, Галина Моталова, Вера Большакова тап болған дау тоғыз айға дейін созылды. Болған жайтты тарқата кетелік.

2015 жылдың қыркүйек айында  тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі жергілікті басқарма жеке кәсіпкерлерден бақылау мақсатында сатып алу жүргізді. Оның нәтижелері бойынша, зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдерді іріктеу актісін жасады. Екі аптадан соң әйелдерге тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарым жіберілген.

Ал қазан айының басында-ақ бизнесвумендерге ресми түрде Кедендік одақ аясында кезектен тыс өтетін тағамдық тексеріс болатынын ескертеді. Тексеріс өтіп, еш заңбұзушылықтар анықталмаған, мұны санитарлық-эпидемилогиялық тиісті актісі де растап отыр. Алайда, таяу арада кәсіпкерлерге өзге акт тапсырылған, мұнда, керісінше, заңбұзушылықтар орын алған деп көрсетілген.

Іс соттың қарауына беріледі. ӨКП Атбасар филиалының заңгерлері, өз кезегінде, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды заңсыз деп табу туралы өтініш берген. Сот дауы барысында шенеуніктер тексеріс актілерін жасау кезінде қате жібергенін мойындады. Олар өз әрекеттерін «Сәйкес келу сертификаттарының бірыңғай формалары мен КО КР-не сәйкестік және оларды рәсімдеу ережелері туралы» арнайы бұйрықтың бар екенінен хабарсыз болуымен ақтауға тырысты. Бұл тұста актілердің ешқайсысында аталған нормаларға еш сілтеме берілмеген.

Бұл арыз бойынша тартыстар бірнеше мәрте кейінге қалдырылған. Түрлі жаңа сұрақтар туындай берді, ал жергілікті басқарма да, реттеу органдары да толық жауап бере алмады. Процесске қатысушылардың өздері де көп жағдайда техникалық регламент нормаларын түсіндіруге қиналып отырғанда, олар туралы енді ғана біліп отырған кәсіпкерлер туралы не айтуға болады.

Филиал заңгері Роза Тасмағамбетова шенеуніктер әрекеттерінің заңсыздығын дәлелдей алды. Біріншіден, 2011 жылдан бері олар түсіндіру шараларын өткізбеген. КО техникалық регламенттерін сақтауы тиіс мемлекеттік органдар бұл нормалар қабылдағаннан кейін он сегіз ай ішінде тұрғындарды ақпараттандыру қажет болған. Нормативті-құқықтық актілерді орындау, түсіндіру, тексеріс жүргізу және т.б. бөлімдерде өзге де заңбұзушылықтар анықталған.

2016 жылдың 18 қаңтарында Ақмола облысы мамандандырылған экономикалық соты лауазымды тұлғалар әрекеттерін заңсыз деп тану туралы ұйғарым және шешім шығарды.

Атбасар аудандық соты мамыр айының басында жеке кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік өндірісті тоқтатты.

Бизнесвумендер сот шешіміне риза болып, өз алғыстарын жаудырды. «Үмітіміз үзілер шақтарымыз көп болды. Алайда Кәсіпкерлер палатасына хабарласып, «Біз әрі қарай күресетін боламыз» деген сөз естіп, сеніміміз нығайды. Кәсіпкерлерге тірек әрі қолдау көрсететін сіздердің болғандарыңыз үшін рахмет», – дейді өтініш иелері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер