ЕАЭО-ның екінші тынысы ашылды
Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы басталды
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армения президенттері экономикалық интеграцияны нығайту перспективаларын талқыламақ. Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевпен және Армения Президенті Серж Саргсянмен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясындағы кездесуі басталды.
«Мен бүгін сіздерді Еуразиялық экономикалық одақтың бұдан ары дамуының маңызды мәселелерін талқылау үшін Астанада көріп отырғаныма қуаныштымын. Ең алдымен, осында, Астанада жасалған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылғанына екі жыл толу мерейтойымен құттықтағым келіп отыр. Ресей Федерациясы, Қазақстан және Беларусь бастап, кейін Армения мен Қырғызстан қосылды», – деді кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті «ЕАЭО қызметі қарқын алып келе жатқандығын» атап айтты.
«Бүгін, біз, экономикалық бірлестік қызметінің өзекті мәселелерін талқылау және соған қатысты шешім қабылдау үшін жиналып отырмыз. Басты назарда 14 мәселе тұр», – деді Елбасы.
Кездесудің басты тақырыбы газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру сынды интеграцияны нығайту перпективалары болмақ, бірлестіктің шетел және өңірлік интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты пікірлермен алмасатын болады. Келіссөздер нәтижелері бойынша, Еуразиялық одақ жұмысының практикалық аспектілері бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау көзделіп отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: