«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер ханымдар Астанада сұхбат құрады

2016 жылғы 31 Мамыр
9296 просмотров

1 маусым күні ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің «Қазақстан: жаңа мүмкіндіктер» атты ІІ Конгресі өтеді

Іскер әйелдер форумының жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысады.

Конгрес алаңында Қазақстан экономикасын жандандырудағы әйелдердің рөлі мен әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуеті талқыланбақ. Сонымен бірге, отандық бизнесвумендердің жаңа бастамалары мен әйелдер кәсіпкерлігінің мүмкіндіктері, келешегі әңгіме арқауына айналады деп күтілуде.

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанованың айтуынша, бір жылдық жұмысы ішінде іскер әйелдердің 16 өңірлік кеңесі құрылып, ол кеңестерді табысты, іскер әйелдер басқарып отыр. Аудан орталықтарында да соған ұқсас Кеңестер құрылды. Оның құрамына 700-дей кәсіпкер әйел енгізілген. Іскерлік белсенділік артып, барлық өңірлерде әйелдер басқаратын кәсіпорындар санының артуы байқалады.

«Атамекен» кәсіпкерлікке белсенді қолдау көрсетіп, дамытуда. Бизнеске сервистік қолдау көрсету мен ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында әр өңірде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған. Өткен жылы Ұлттық палата 35 мыңнан астам кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетсе, оның жартысынан көбі әйел адамдар екен. «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша бес мыңнан астам әйел оқытылып, соның нәтижесінде 140-тай стартап іске қосылды», – деп мәлімдеді Л.Рамазанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер