«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Денсаулық – бірінші байлық

2016 жылғы 31 Мамыр
9359 просмотров

Швейцарияның ірі компаниясы Қазақстанның фармацевтикалық нарығында биологиялық препараттарды ілгерілету қажет деп санайды

ҰКП алаңында Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мауро Рейннің қатысуымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мен «Рош Қазақстан» ЖШС бас директоры Георгий Рамишвили Қазақстан фармацевтикалық нарығында биологиялық препараттарды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Roche компаниясы – әлемнің 150 елінде өкілдіктері бар, онкология, ревматология, вирусология мен трансплантология салаларында биотехнологиялық дәрілік препараттар шығаратын жетекші өндірушілердің бірі. Компания, негізінен, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған инновациялық дәрілік заттарды, оның ішінде әр пациентке лайықтап жасалатын қымбат тұратын биологиялық (таргеттік) препараттар шығарумен айналысады.

Фармацевтика саласындағы әлемдік тенденциялар қазақстандық фармацевтикалық нарық алдына өнеркәсіп мүддесі мен денсаулық сақтау саласының мақсаттары арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету арқылы, бюджеттік қаражатты үнемдеу жағдайында пациенттерді қымбат биологиялық препараттармен қамтамасыз ету міндетін қойып отырғаны белгілі.

Қазақстан фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуы аясында кейбір отандық өндірушілер биосимилярлар, яғни сапасы, билогиялық белсенділігі, тиімділігі мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша биологиялық препараттарға ұқсас заттарды шығаратын өндірістік бағытты жолға қоюды көздеп отыр.

Соңғы уақытта әлемдік тәжірибеде биологиялық препараттарды қолдану арқылы  адам ағзасының жеке ерекшеліктеріне тән түрлі иммундық әсерлер тудыру мүмкіндігі байқалуда. Олар тіркеу кезіндегі клиникалық зерттеулерде байқалмайды және бірегей биологиялық препараттарды өндіруші мен биосимиляторлар арасындағы пікірталастарға негіз болып отыр.

Емделушілерді сапалы әрі қауіпсіз биологиялық препараттармен қамтамасыз ету мәселелері шетелдік және отандық өндірісті, клиникалық зерттеулерді, тіркеу процедураларын, сатып алу, дәрігерлік тәжірибені, ЕАЭО нарығында өнімді фармакологиялық қадағалау жүйесінің сапасын қамтамасыз ету шарты арқылы мүмкін болмақ.

«Рош Қазақстан» ЖШС бас директоры Георгий Рамишвили кездесу қатысушыларын биологиялық препараттарды пайдалану ерекшеліктерімен таныстырып, бұл препараттарды Қазақстан нарығында этикалық тұрғыда ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Юлия Якупбаева дәрігерлік мақсаттарды, биологиялық препараттарды тіркеу және сатып алу механизмдерін тиісті бақылау үшін электронды денсаулық сақтау жүйесін дамыту қажеттілігіне тоқталып өтіп, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі дәрі-дәрмекпен қамтуды регламенттейтін құқықтық актілер аясында жоғарыда аталған мәселелердің оңтайлы шешімін табуды ұсынды.

Сонымен бірге, кездесу қатысушылары бұл мәселенің ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер арасындағы өзектілігін есепке ала отырып, ЕАЭО ортақ фармацевтикалық нарығында өнімді тіркеу кезіндегі «дәрілік препараттарды өзара алмастыру» түсінігіне қатысты,  бірлесе отырып, дәйектелген база даярлауды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер