Қарапайым жұмысшыдан басшыға дейін
Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты бұл проблеманы дербес топ-менеджерлерді тәрбиелеу арқылы шешпек
Басқарушы кадрлардың жетіспеушілігі проблемасымен бизнестің түрлі салаларындағы көптеген компаниялар бетпе-бет келеді. Еңбек нарығында қажетті жұмыс тәжірибесі бар кәсіби мамандардың жетіспеушілігі жағдайында компаниялар кандидаттарға қояр талаптарын өзгертіп, олардың әлеуеті мен ынтасына көбірек назар аударуға мәжбүр. Таңдау көбінесе атқарушы қызметтерде өзін жақсы жағынан көрсеткен компанияның бұрынғы қызметкерлеріне түсіп отыр.
Ақтөбе ферроқорытпалар зауытында топ-менеджерлерді зауыт өндірісінде өз кадрларын қажетті білім мен машыққа үйрету арқылы даярлаған жөн деп санайды. Жұмыс берушінің өтінімдері бойынша Кәсіпкерлер палатасы «Басшыны қалай жасауға болады?» тренингін ұйымдастырып, оған «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы АФЗ кадрлық резервіндегі жас мамандар қатысты.
Үйрету семинарын болашақ басшылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту, ұжымдық рух беріп, топпен жұмыс жасауды үйрету үшін өткізіп отыр.
«Біз тренинг қатысушыларымен бірлесе қызметкерлердің ұжымдық мәдениеті жүйесін қалыптастыру арқылы компанияның ұжымдық құндылығы жөніндегі мәселелерін қарадық. Табысқа жетуге қалай ынталандыру қажет? Басшылықтың жеке стилі қалай жасалуда? Жас мамандар осы және өзге де сұрақтар бойынша қызықты жауаптар мен ұсыныстар ала алды. Болашақ басшылармен арадағы әңгіме оңтайлы режимде тайм-менеджменттің тәжірибелік құралдарын қолдану арқылы өтті», – деді Палата сарапшысы Венера Шавкилова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: