Канада Қазақстанды сенімді әріптес санайды
Қазақстандық және канадалық бизнесмендер Іскерлік кеңес құрды
«Атамекен» ҚР ҰКП мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасының Ресей мен Еуразиядағы Канаданың іскерлік қауымдастығымен (CERBA) бірлесе отырып ұйымдастырған Кеңестің алғашқы инаугурациялық отырысында Кеңестің құрылғандығы туралы Келісімге қол қойылды.
Құжатқа қазақстандық тараптан Іскерлік кеңестің тең төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев , канадалық тараптан «Cameco» корпорациясының бас атқарушы директоры және президенті Тимоти Гитцель, хатшылықтың атынан Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов пен Ресей мен Еуразиядағы Канаданың іскерлік қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Дэниэл Бастьен қол қойды.
«Қазақстан үшін Канада келешегі бар әрі әлеуетті бағыт болып саналады. Мәселен, ауылшаруашылық техникасы сияқты ортақ өндірісті дамытуымыз үшін канадалық инвестициялар өңдеуші секторға тартылады деген үміттеміз. Мұның, менің ойымша, әлеуеті жоғары. Болашақта бірлесе шығаратын қосалқы бөлшектеріміз канадалық кәсіпорындардың өндірістік процесстеріне қатысқандығын қалар едік», – деді ССП бірінші басшысы Руслан Сұлтанов.
Отырыс барысында тараптар Іскерлік кеңес жұмысының аспектілерін мақұлдап, Қазақстан мен Канада іскерлік байланысының әріптестік мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Ерлан Қайыров Қазақстанның экономикалық даму болашағы мен елдегі инвестициялық климатты жақсарту шаралары туралы ақпараттармен таныстыра отырып, Қазақстанның сұхбатқа әрдайым дайын екендігін және әріптестікті қуана құптайтынын атап өтті.
Бүгінгі таңда посткеңестік елдердің ішінде Қазақстан Канаданың сауда-саттық бойынша бас әріптесі ретінде есептеледі. Қос ел арасындағы 2012-2014 жылғы тауар айналымы 7 миллиардтан астам АҚШ долларына теңескен. 2013 жылы Канаданың Федералдық үкіметі қабылдаған «Шетелдік нарықтардағы іс-қимылдың бас жоспарында» Қазақстан әлеуетті елдер тізіміне енгізілген.
Канада Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының алғашқы ондығындағы орнын сақтап келеді. Канаданың сыртқы істер, сауда-саттық және даму министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 1994-2013 жылдары Қазақстанға құйылған канадалық инвестиция 16 миллиард доллардай болған, ал 2010-2014 жылдардағы көрсеткіш 11 миллиард доллардай.
Канададағы Қазақстан Республикасының елшісі Константин Жигалов қос елдің бизнесмендерін тау-кен, мұнай өндіру мен ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салаларда ғана бірлесе жұмыс істмемей, Қазақстан мен Канаданың әскерлік әріптестігін диверсификациялауға шақырды. Жарқын мысал ретінде Magnum Integrated Technologies копаниясын келтірді. Компания Қазақстандағы алғашқы потрон зауытына 50 миллион доллар инвестиция салған.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық және канадалық Іскерлік кеңес қос елдің копнаиялары мен ұйымдары арасындағы сауда-саттық және инвестиция құюдағы өзара әріптестігіне ықпал ету мақсатында Қазақстанның сыртқы сауда палатасының және Ресей мен Еуразиядағы Канаданың іскерлік қауымдастығының ұйытқы болуымен құрылған.
Екі жақты әріптестікте басты нысанда уран саласы тұрғандықтан, Іскерлік кеңестің қазақстандық тараптан тең төрағасы «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев болса, канадалық жақтан бұл қызметке «Cameco» корпорациясының бас атқарушы директоры және президенті Тимоти Гитцель тағайындалды.
Жалпы отырыстан кейін Іскерлік кеңестің жиналысы бес жұмыс тобымен өтті. Онда даму болашағы мен мұнай және газ, тау-кен өндірісі, АӨК, құрылыс және транспорт, сондай-ақ инновациялар сияқты салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері талқыланды. Қазақстандық және канадалық кәсіпорындар өз компанияларын таныстырып, байланыс нөмірлерімен алмасты және қос елдің салалар арасындағы әріптестігін дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстандық және канадалық Іскерлік кеңестің бірінші отырысына экономиканың құрылыс, қайта қалпына келетін энергия көздері, транспорт, инфрақұрылым нысандары, ауыл шаруашылығы, энергетикалық сектор сияқты салаларында әріптестік орнатуға және инвестиция құюға қызығушылық танытып отырған Канаданың 30-дан астам компаниялары мен экономикалық ұйымдарының өкілдері қатысты. Атап өтсек, Kinross Gold Corporation, Geotech Ltd., Ronald A. Chisholm Ltd., Terralink, Morris Industries, UrtheCast Technologies сияқты ірі компаниялар.
Қазақстандық бизнес ауылшаруашылығы, құрылыс, мұнай және газ өнеркәсібі, энергетика сияқты салаларда жұмыс істейтін 70-тен астам компанияны ұсынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: