Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанда инвесторлар үшін жақсы жағдайлар жасалған»
Шетелдік сарапшылар инвестиция ағынына арналған ахуалдың тұрақтылығын жоғары бағалап отыр
Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанда тікелей жұмыс істейтін инвесторлар үшін бүгінгі күні елімізде инвестицияларға арналған жағдайлардың аймақ бойынша ең жақсысы жасалған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXIX пленарлық отырысы барысында осындай мәлімдеме жасады. Инвесторлармен болған бұл кездесу «Астана» Халықаралық қаржы орталығының даму перспективаларына арналды.
«Мысалы, халықаралық қаржы ұйымдарымен – Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АДБ-мен ынтымақтастық бағдарламасы аясында таяудағы бес жыл бойы біздің уағдаластықтарға сәйкес, кәсіпкерлікті, қаржы секторын, инфрақұрылымды, электр энергетикасын дамытуға 9 млрд долларға жуық қаржы тартылатын болады», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. «Сіздер де жақсы білесіздер, біздің өңірде ешкім қаржы институттарының осындай сеніміне ие емес, ешкімге де мұндай инвестициялар келген жоқ. Бұл үшін біз өте ризамыз, және де бұл банктер үшін де, Қазақстан үшін де пайдалы болуы үшін бәрін істейтін боламыз», – деп сендірді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті «бүгін біз әлемдік экономикадағы күрделі жағдайлар тұсында жиналып отырмыз» деп атап көрсетті. Өткен жылдан бері «жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан экономикасының өсімі де де баяулап қалды, дегенмен біз елеулі рецессияға жол бермедік». Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, сонымен бірге «басты сауда әріптестеріміздің ұлттық валюталарының әлсіреуі және нарықтардағы жағдаяттың нашарлауы» байқалды.
«Өткен жылдың тамыз айында бізге еркін құбылмалы бағам тәртібіне көшуге тура келді. Бұл мәжбүрлі, бірақ дұрыс шешім болды. Ол отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін едәуір көтеруге және біздің алтын-валюталық қорларымызды сақтауға көмектесті», – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысының деректері бойынша, бүгінгі күні алтын-валюталық қорлардың көлемі 95 млрд АҚШ долларын құрады, бұл «Қазақстан ЖІӨ-нің жартысынан астамы».
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: