«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тауарын экспорттаушыларға қолдау көрсетеді

2016 жылғы 27 Мамыр
- Астана қаласы
8346 просмотров

Астана қаласының Кəсіпкерлер палатасында экспортқа бағыт алған кəсіпорындарға арналған семинар болып өтті

«ҚазЭкспортГарант» өкілдері кәсіпкерлерге мемлекеттің аталған экспорттық-несиелік агенттік арқылы ұсынылып отырған мүмкіндіктер туралы айтып берді.

«Компанияның мұраты – шикізаттық емес тауарлар экспортын арттыруды қолдау, экономиканың басым секторларында қызмет көрсету, қазақстандық кəсіпорындарды қаржылық сақтандыру жəне қаржылық емес қолдау.

Бүгінде біздің негізгі қызметіміз – экспорттаушы кәсіпорындарға өңдеу өнеркəсібін, ал екінші деңгейлі банктерге сыртқы сауда операциялары кезіндегі төлемдерді төленбей қалу қаупінен сақтандыру деңгейін ұсыну жəне экспорттық келісімдер қауіпсіздігін кепілдендіру», – деп, компания өкілі Олжас Қалқаев экспорттаушыларға көрсетілетін қолдау механизмдері туралы айтып берді.

Ол бизнесмендермен экспорттау алды жəне экспорттық-саудалық қаржыландыру, экспорттаушы несиесін сақтандыру, құжаттық операциялар мен инвестициялар, сонымен бірге, экспорттық-несиелік агенттікпен өтелетін саяси жəне экономикалық тəуекелдер түрлері туралы ақпаратпен бөлісті.

«Біздің компания бес бағыт бойынша қызмет етеді. Оның ішінде диодты жарықтандырумен, телекоммуникациялық жəне жарық техникалық жабдықтаумен де айналысады. Қазіргі таңда біз ішкі нарықта жұмыс жасаймыз, бірақ одан ары дамып, сыртқы, ең алдымен таяу шетел елдеріне шығуды көздеп отырмыз. Бұл үшін қосымша қаражат қажет деп есептейміз. Бүгін біз хабардар болған құралдардың болашақта пайдасы тиеді деген ойдамыз»,– деді  «Investment Reengineering Company» компаниясының өкілі Данияр  Жанқұлов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер