Астанада АЭФ пленарлық отырысы ашылды
Форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтуде
Елордада Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы ашылды. Жиын басталмай тұрып құрметті қонақтар елбасымен бірге фотоға түсті. Отырыс шымылдығын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Сессияның модераторы – «The Independent»-тің бас эконономикалық шолушысы Хэмиш МакРей. Құрметті қонақтардың ішінде қытайлық Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма бар.
Ұлттық өзімшілдікке салынбай, кедергілерді еңсеру үшін серіктестер табу қажет.
«Компанияларға салық жүктемесін төмендету үшін, жаһандық экономикада жаңа негіздерді қарастыру еш мүмкін еместігін көріп отырмыз. Тұтастай алғанда өсу баяулаған, 2015 жылы әлемдік ІЖӨ-нің өсімі небары 3,1%-ды құрады, бұл дағдарыстан кейінгі нашар нәтиже, шикізат ресурстары бағасының төмендеуі елдің – экспорттаушылардың табысын азайтып, сонымен қатар дефляцияны күшейтті, ел экспорттаушылар қысымға ұшырады, нәтижесінде барлығы ұтылды», – деп айтып өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: