«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Катар Қазақстан өнімдеріне қызығушылық танытуда

2016 жылғы 24 Мамыр
9912 просмотров

Алайда, бірқатар себептерге байланысты қазір ортақ тауар айналымын бұдан да жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік болмай отыр

Тоңазытылған қой еті, көкөністер, жеміс-жидектер, кептірілген жемістер мен бал. Қазақстаннан осы өнімдердің жеткізілуіне алдымен, Катар мемлекеті қызығушылық білдіруде, алайда бұл тез бұзылатын өнімдерді ыңғайлы жеткізу тәсілдері болмағандықтан, тасымалдау мөлшерін өсіруге мүмкіндік бермей тұр.

«Өкінішке қарай, бізде сауда-экономикалық әріптестік өте қатты ақсап тұр», – деп атап өтті Қазақстанның Катардағы Төтенше және Өкілетті елшісі Асқар Шоқыбаев.

Қазақстан мен Катардың өзара тауар айналымы 2015 жылы 463,5 мың АҚШ долларына тең болса, соның ішінде 440,9 мың АҚШ доллары – импорт. А.Шоқыбаев келтірген мәліметтер бойынша, 2014 жылы тауар айналым 364 мың доллар төңірегінде болған.

«Мұндай әріптестікті дамыту үшін, алдымен, әуе байланысын жолға қою қажет. Мұнда мәселе тез бұзылатын тағамдарға қатысты болып тұр. Құрлық немесе темір жол көлігі арқылы тасымалдауды сөз қылудың да қажеті жоқ. Жақын арада сауда-экономикалық әріптестікті жолға қоямыз деп үміттенемін», – деді Елші.

Катарға келер болсақ, бұл елде жеке инвестициялық әлеует белсенді түрде дамытылып жатыр екен. Отандық дипломат атап өткендей, ол жағы жаҺандық дағдарыс әсерінен зардап шекпеген.

«Катар – әлемдегі жаҺандық экономикалық дағдарыста әлеуетін жоғалтпаған аз ғана елдердің бірі. Дохада жүзден астам шетелдік елшіліктер мен өкілдіктердің аккредиттелуі тегін емес. Іс жүзінде Дохадағы әр шетелдік мекеменің мақсаты инвестициялық әріптестікті жолға қою. Атап өтерлігі, катарлықтар бұған қуана-қуана келіседі», – деді А.Шоқыбаев.

Мұнда басты рөлді Катар инвестициялық қоры атқарып отыр. Бұл шетелдегі келешегі зор ауқымды жобаларды инвестициялауға бағытталған мемлекет саясаты. Сондай жобалардың бірі Катардың Қазақстан инфрақұрылымдық қорына қатысуы болмақ. Ондағы үлесі 100 миллион АҚШ доллары. А.Шоқыбаевтың айтуынша, келіссөздер «әлі жалғасуда».

Тағы бір ауқымды ортақ жоба – «Қазатомөнекәсіп» пен «Qatar Solar Energy» арасында ортақ кәсіпорын құру. Ортақ кәсіпорынды 2016 жылдың екінші жартысында құру туралы жол картасы бар.

«Қазатомөнеркәсіп» бұл ортақ кәсіпорынның 49%-дық үлесіне, ал катарлық жақ 51%-дық үлесіне иелік етеді деп күтілуде. Келісім жасалса, Дохада 300 Мвт фотоэлектрлік модуль өндірісі жөніндегі ортақ зауыт салынбақ.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер