Жыл бойы жеміс беретін бизнес
Сарыкөл тұрғыны жыл бойы ауылдастарын жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етпек
Осы мақсатта Жәнібек Бөлегенов үйінің жанынан күн сәулесінен шуақтанатын вегетарий тұрғызбақ.
Ол оған дейін де жұбайы екеуі үй жанындағы шағын жылыжайда көк пияз, аскөк және ақжелкен өсіріп келген. Алты баласын асырауға да, дүкен саудасына шығаруға да жеткен. Сауда нүктелеріне бұл қызметтің түрі ыңғайлы болған, сұранысқа ие аскөк түрлерінің молдығы да сатып алушыларды қанағаттандырған. Сосын Жәнібек өнім көлемі мен түрлерін арттыру жаман болмас деген байламға келген.
«Вегетардың кәдімгі жылыжайдан айырмашылығы жылуды жинақтау және күн жылуын мүмкіндігінше жоғары пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, қыс пен жаз бойы көкөніс өсіруге болады. Біз аудан орталығында тұрып жатсақ та, көкөністі қаладан тасимыз, ал қыстың күндері ағаш дәмі бар импортталған көкөністі пайдаланамыз. Осыдан кейін, неге қияр, қызанақ өсірмеске деген ой келді. Тұрғындар, бұл еңбегімді бағалайды деп ойлаймын», – дейді кәсіпкер.
Одан бөлек, Жәнібектің жары гүлді көшеттерді өсіруді жоспарлап отыр. Петуния, циний – барлығы жеті түрлі гүл. Вегатар салуды өзі қолға алмақ. Қажетті құрал-жабдықтар, материалдар және көкөністерді сақтауға арналған қоймаларды «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бөлінген 2,5 миллион теңге грантқа сатып алмақ.
Облыстық Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес көмек көрсету орталығы сарапшыларының сөзінше, осы жылы «БЖК – 2020» бойынша бөлінген гранттарды 16 қостанайлық алса, оның 14-і шағын қалалар мен аудандарға және 2-уі облыс орталығына тиесілі болған.
Сонымен, Қарабалық ауданында кәсіпкер жылу құбырларының траншсыз төсеу қызметін жекеменшік секторға ұсынбақ. Ал, Қарасу ауданында аяқ киім жөндейтін орын ашылмақ, Жетіқарада тас жол бетонына арналған «Eco Top» қоспалары кәсіпорны ашылады. Арқалықта жергілікті тұрғындарды мобильді планетарий қуантып отыр. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының бағдарламарына қатысушыларға қажетті консультативтік қолдау көрсетілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: