«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сақтансаң сақтайды

2016 жылғы 20 Мамыр
- Жамбыл облысы
9513 просмотров

Халық көп жиналатын нысандарда иелері, яғни кәсіпкерлер қауіпсіздік шараларын қажетті деңгейде қамтамасыз етпесе, оларға қомақты көлемде айыппұл салынады

Бұл туралы бизнесмендер мен журналистерге облыстың Кәсіпкерлер палатасында айтылды.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен террористік тұрғыдан осал нысандардың тізімі бекітілді. Оған базарлар, сауда орталықтары, отыратын орындары көп қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және тағы басқа халық көп жиналатын нысандар енгізілген. Сондай-ақ, аталған нысандардың терроризмге қарсы қорғаныс жүйесіне қойылатын талаптар бекітілген.

«Мемлекет «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара ықпалдаса отырып, шағын және орта бизнестің шығындарын азайту мақсатында барлық шараларды қолданды. Нысандардың екі санаты енгізілді. Біреуінде техникалық жабдықтауға барынша аз талаптар қойылған, соған байланысты оны қаржыландыруға деген сұраныс та айтарлықтай азайтылды», – деп атап өтті Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша директорының орынбасары Қайрат Сыдықов.

Террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғаныс жүйесіне қойылатын талаптар туралы Жамбыл облысы ҰҚКД антитеррорлық орталығының маманы Марат Баймаханов пен Жамбыл облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Қанат Төлебаев айтып берді.

Бұлар ұйым нысандарында жеке күзеттің, өткізу режимінің, эвакуациялау жолдарының болуы сияқты талаптар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ажырамас әрі қарапайым шаралары. Бейнебақылауды, қолжетімділікті бақылау жүйесі, хабарлау және құрылғылардың басқа да түрлері терроризмнің ғана емес, нысанның қауіпсіздігіне, қызметкерлер мен келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыс пен құқық бұзушылықтардың басқа да түрлерінің де алдын алуға мүмкіндік береді.

Қанат Төлебаевтің айтуынша, Жамбыл облысының аумағында террористік тұрғыдан осал нысандардың тізіміне енгізілген 68 жеке кәсіпкерлік нысаны орналасқан. Алайда, олардың барлығы терроризмге қарсы қорғанысты және қажетті деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты талаптарды сақтау жөніндегі құжаттандырудан өтпеген. Сондықтан, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 149 бабына сәйкес, талаптарды орындамағандарға және (немесе) орындауға лайықсыздарға жүзден мың АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Кәсіпкерлер тексеру басталмай тұрғанда, меншігіндегі нысандарын заң талаптарына сәйкестендіруге және әкімшілік жауапкершіліктің алдын алуға мүмкіндіктері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер