«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас келсе іске

2016 жылғы 19 Мамыр
- Маңғыстау облысы
12358 просмотров

Маңғыстаулық жас кәсіпкер әйелдер өз тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған «Табыс тарихы» семинар тренингіне тренер ретінде өз саласында жетістікке жеткен жас кәсіпкерлерді шақырды

Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мирлан Құсайынов семинарды аша отырып, өңірде кәсіпкер әйелдердің үлесі артып келе жатқандығымен хабардар етті. Жас әйел кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасын ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова қолдауға келгендігін айтты.

«Жас іскер әйелдердің креативті және бәсекелестікке қабілетті идеялар мен жобаларды  жүзеге асыра отырып, кәсіпкерлікке қызығушылықтары артып келеді», – деп атап өтті ол.

Болашақ аналарға арналған «Дария»  киім дүкенінің қожайыны Әсел Жекенова және жеке балабақша, «Дастархан» азық-түлік дүкені, «Кухня» кулинарлық студиясы және «Карузо» мейрамхана-караоке  сияқты бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Зухра Таласова өздерінің жетістік жету тәжірибелерімен бөлісті.

Әсел Жекенова: «Бұрын мен тігін тіге алмайтын едім, бірақ үйренгім келетін. Кәсібімді аша отырып, жеке тігін курсына жазылдым. Ең бастысы кез-келген істе ынтаң болса сенің барлық армандарың орындала бастайды», – деп сенімділікпен айтты.

Әсел мен Зухра шеберлік-сыныптарын өткізе отырып, жаңа іс бастаушы жас кәсіпкер әйелдердің тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Сосын «Атамекен» шағын қаржы ұйымы» ЖШС директоры Айсұлу Үзденова Маңғыстау облыстық кәсіпкер әйелдердің сұрақтарына жауап бере отырып, олардың жобалары мен бизнес идеяларын жеңілдікпен қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Іс-шара соңында маңғыстаулық жас әйел кәсіпкерлерді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, бухгалтерлік есеп, маркетинг, бизнес-жоспар құру, мемлекеттік сатып алуға қатысу тәртібі, кеден және салық органдарының мәселелері, құқықтық көмек  бойынша тегін кеңес алуға шақырды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер