«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана – Омбы: В2В кездесулер

2016 жылғы 19 Мамыр
9943 просмотров

Астана қаласында омбылық кәсіпкерлер бірқатар тиімді келісімдерге қол жеткізді

«Көрме» жәрмеңке орталығында Қазақстанның Ішкі сауда палатасының мұрындық болуымен қазақстандық және омбылық компаниялардың В2В форматындағы байланыстар биржасы өтті.

Қазақстандық тарап Сібірден келген қонақтарға «Астана қаласының инвестициялық ахуалы»  және «ЭКСПО – 2017»  жобаларын ұсынды.

Елордаға кәсіп ашу мақсатымен келген Омбы делегацияcының құрамында 7 көпсалалы және құрылыс компаниялары болды. Қазақстан жақтан 25 маманданған кәсіпорын қатысты.

Жиын соңында Омбы қаласына құс етін жеткізу бойынша «Шаңырақ» ЖШС мен «Альфа» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастыққа қол қойылды. АртСтройБетон мен KazWoodGroup Астана қаласында бірлескен құрылыс материалдарын өндіретін бірлескен кәсіпорын құруға уағдаласты. Сондай-ақ, омбылық «Теплоконтроль» ЖШҚ компаниясы термопластикалық құбырларды атыраулық Chevron Munaigas Inc бөлімшесінде сатуға қызығушылық  танытты.

Келесі күні омбылық кәсіпкерлер ірі BiGroup пен OrdaInvest холдингтерінің құрылыс алаңына баруды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер