«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» экономиканы қайта реттеу жөніндегі заң жобасын әзірлеуге қатысады

2016 жылғы 17 Мамыр
10077 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру процесіне белсене араласуын жалғастыра бермек

Бүгінде «Өзін-өзі реттеу туралы» заңға ұқсас «Мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» базалық заң жобасы әзірленуде. Заң бойынша «Атамекен» ҰКП өкілдері мемлекеттік қызметтерді бизнес-ортаға беруге қатысты барлық шараларға қатысуға міндеттелмек. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясындағы брифинг барысында осы іс-қимылдағы «Атамекеннің» рөлі туралы журналистердің сұрағына жауап берген «Атамекен»ҰКП нормативтік-құқықтық актілердің сараптамасын үйлестіру департаментінің сарапшысы Айжан Бижанова мәлім етті.

«Бұл жүргізіліп отырған саясатта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі зор әрі белсенді. Атап өтерлігі, 15 мамыр күні «Өзін-өзі реттеу туралы» заң мен соған ілеспе заңнамалық актілер күшіне енді»,– деді А.Бижанова. Бұл заңдар «Атамекен» ҰКП-ның өзін-өзі басқаратын ұйымдармен өзара әріптестігін реттеуге мүмкіндік береді. Негізінен, «Атамекеннің» сарапшысы атап өткендей, бұл жерде сөз мұндай ұйымдарды ҰКП жүйесіне аккредитациялау туралы болып отыр.

«Бүгінгі таңда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызметтерге өзін-өзі реттеуді енгізу жөніндегі мәселелерді талқыға салатын негізгі алаң болып отыр. Мәселен, біз 20-дан астам дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, БАҚ-ға ондаған мақалалар жарияладық», – деп сөзін жалғады А.Бижанова. ҰКП мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жұмыстарда да белсенді рөл атқара бермек. «Атамекен» ҰКП-ның сарапшылары мен өкілдері әр министрлік пен әкімдіктердегі мемлекеттік қызметтерді түгендеу үшін құрылған жұмыс топтарының жұмыстарына қатысады. А.Бижанова «нарықтың дайындығын талдау кезеңінде «Атамекен» кәсіпкерлік субъектілерінің талдау формаларын толтыру жұмыстарының тікелей үйлестірушісі болатынын» айтып өтті. Бұдан бөлек, «Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдар үшін сипаттамалар пакетін дайындауды қолға алмақ. Олардың мақсаты – бизнестің өзін-өзі реттеуін және экономиканы қайта реттеуді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік рұқсат беру жүйесін оңтайландыру.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер