«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Мұнайлы өңірде аграрлық бизнесті дамытуға болады және ол қажет»

2016 жылғы 17 Мамыр
- Маңғыстау облысы
9653 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстаудағы жиында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға арналған осындай басымдықтарды белгілеп берді

ҰКП басшысының пікірінше, жердің суармалылығын көтеру және өңірдегі машина құрастырушы кәсіпорындардың ауыл шаруашылық техникаларын өндіруі аймақтағы ауылдарда бизнесті табысты дамытудың негізгі шарттары болып табылады.

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысын аша келе, Тимур Құлыбаев Ұлттық палатаның 2016 жылғы жұмысының басым бағыттарын белгілеп берді. Мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып, Ұлттық палата Төралқасының төрағасы Маңғыстау ауылдарындағы кәсіпкерлік бастамаларды көтеру мәселелеріне баса назар аударды. Тимур Құлыбаев облыс әкімдігінің және оның басшысы Алик Айдарбаевтың жергілікті кәсіпкерлікті қолдау мәселелерінде белсенді екендігін айрықша атап көрсетті. Дәл осы жерде Ұлттық палатамен бірлесе отырып, шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу жөніндегі еліміздегі тұңғыш қор ашылды, деп атап өткен «Атамекен» басшысы облыс әкіміне өңірде шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру жөніндегі тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

«Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша ауылдық жерде халықтың 50%-ы тұрады, мұндағы өнімділіктің үлесі 5%-дан аз. Мысалы, Ресейде ауыл өнімділігі бұдан еке есе жоғары. Осыған орай, біз адамдарды ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысуға үйретуіміз керек, оларға арналған оқу семинарларын өткізу қажет, – деп жалғастырды Т.Құлыбаев. – Бүгінгі таңда фермерлердің  ауыл шаруашылық техникасын да, тыңайтқыштарды да сатып алуға жағдайы жоқ. Сондықтан мұнда өңірлік палаталар арқылы ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құру бағдарламасын әзірлеуге белсенді қатысу қажет».

Тимур Құлыбаев ӨКП басшылығына аграрийлерге ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз сатып өткізуге көмек көрсетуді тапсырды. Мысал ретінде ол Алматының тәжірибесін келтірді, онда фермерлерге қала нарығына тікелей шығуға көмектесуде.

Маңғыстаудағы аса өткір тағы бір проблема – ауылшаруашылық жерлерін ылғалдандыру және су жүргізу, деп атап көрсетті «Атамекен» ҰКП басшысы.

«Су жүргізілген жерлер анағұрлым құнарлы және өнімдірек екендігі жалпыға мәлім. Ауыл бизнесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін суландырылатын жер аумағын барынша кеңейту өте маңызды», – деп түйді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» басшысының пікірінше, ауыл шаруашылығында прогреске алып келетін тағы бір маңызды жайт – аграрлық техника жасау.

«Мұнда машина жасау кешенінің кәсіпорындары бар. Ендеше солардың базасында ауылшаруашылық техникаларын өндірісі мүмкіндігін қарастырып көрейік», – деді ол.  

Отырысты қорыта келе, ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Ұлттық палата басқармасына Жер кодексі бойынша отандық аграрийлердің пікірлері мен идеяларына аудандық деңгейден бастап жан-жақты және мұқият талдау жүргізуді, сондай-ақ, 1 шілдеге дейін Жер реформасы жөніндегі комиссияға ұсыныстар пакетін әзірлеп енгізуді нұсқады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер