«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жауапкершіліктен кім жалтаруда?

2016 жылғы 17 Мамыр
- Қостанай облысы
10938 просмотров

Қостанайлық кәсіпкерлерге сот заңды тіркелуі жарамсыз деп тапқан контрагенттермен келісім жасасқаны үшін қосымша салық салды

Олар өз кезегінде облыстық Кәсіпкерлер палатасына шағым түсірді. Салық қызметкерлері контрагенттермен жасалған осындай келісімдер бойынша енгізілген шығын сомасын КТС-тен шегеруді талап етіп отыр.

Бір фирманың қосымша салығы 1,6 миллиард теңгені құраған, ал «Кәсіпкерлер палатасына мұндай фирманың 20-сы шағым жасап отыр», дейді директордың орынбасары Самат Сәдуақасов.

«Салық кодексінде аталған келісім бойынша шығындарға шегерім  жасау қарастырылмаған. Кәсіпкер оны орындады, салық төлемдерін төледі, дәлел бола алатын құжаттардың барлығы бар, егер тауарды сатып алса – ол қолда бар. Кәсіпкерлер төлемеген салықтардың орнын толтыру үшін, біреулердің тіркелімі заңсыз деп танылады да, адал кәсіпкерлердің мойнына арта салады. Олар осы іске байланысты Мемлекеттік кіріс департаментіне, Мемлекеттік кіріс комитетіне, тіпті, сотқа шағым түсірсе де нәтижесіз», – дейді Самат Сәдуақасов.

Кәсіпкерлер палатасынан айтқандай, бұл жағдай тек Қостанай облысы үшін өзекті емес, барлық елде маңызды мәселеге айналып отыр. Нақты уақытта аталған мәселенің шешімін табу мақсатында «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті, Қаржы министрлігі және Бас прокуратура бірігіп жұмыс жасауда. Жоғарғы сотпен біріге отырып кеңестер берілуде.

2016 жылдың басынан бастап Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлердің құқын бұзған жағдайлар бойынша түрлі деңгейдегі 71 шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Барлық шағымның 25 пайызы салық органдарымен тікелей байланысты. Еске салсақ, өткен жылы Кәсіпкерлер палатасы 111 мәселенің шешімін тапқан. Бизнеске алдын ала келген залал 2,8 миллиард теңгені құраған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер