«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қаржы – бизнестің қозғаушы күші

2016 жылғы 16 Мамыр
- Жетісу облысы
7104 просмотров

Қапшағай қалалық Кәсіпкерлер палатасының филиалы кәсіпкерлерге шағын несие алуға қажетті құжаттар жинауға көмектеседі

«Атамекен» ҰКП және Алматы облысы әкімдігі шағын кәсіпкерлікті дамытуға 600 миллион теңге қаржы бөлгендігін атап кеткен жөн. Қазіргі таңда, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жанынан кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштерді қарастыратын Несие комитеті құрылды.  Жаңа бағдарлама туралы құлақтанған Қапшағай қаласының кәсіпкерлері Кәсіпкерлер палатасына жүгіне бастады. Солардың бірі – 57 жасар Мұхаммедәли Жақышев. Ол өзінің мүгедектігіне қарамай көкөніс өнімдерін өсіретін шаруашылықты жүргізіп отыр. Талапты жан несие алуға өтініш бермей тұрып, екі күндік «Кәсіпкер-кеңесші» бизнес-курсына қатысқан. Содан соң кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа білім алғаннан кейін несие алуға өтініш беруді жөн деп тапқан. Оған «Атамекен» мамандары көмек көрсетуде.

«Кәсіпкер өз кәсібін кеңейтуге ынталы. Құлпынай, брокколи және басқа да көкөністер мен жидектерді өсіруді жоспарлап отыр. Біз осыған орай бизнес жоспарын құрып, шағын несиелеуге қажетті құжаттар топтамасын жинауға көмек көрсетеміз», – деп атап өтті ӨКП Қапшағай қалалық филиалы директоры Алмагүл Қамбарова.

Жас кәсіпкер Дмитрий Ким де құжаттарын өткізуге даяр отыр. Ол құрылыс компаниясының қожайыны, бірақ шағын несиелеудің көмегімен балық аулау орнын ашқысы келеді екен. Бизнес-курсқа қатысқаннан кейін қосымша балық шаруашылығымен айналысуды ұйғарған. Қазіргі уақытта, ӨКП құжат жинауға жәрдем көрсетуде. Арыз берушінің қаржылай-экономикалық қызметінің сараптамасын, құқықтық сараптамасын, кепілді қамтамасыз етуді бағалауды Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қызметкерлері жасайды. Аталған құжаттар әзір болғаннан кейін, Несие комитетінің қарауына жіберіледі. Белгілі мерзім ішінде Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен ӨКП несие комитетінің шешімімен ғана қажетті қаржы бөлінеді.

Атап өтер болсақ, «Кәсіпкер-кеңесші» жобасы жаңа іс бастаушы кәсіпкерлер мен бұрынғы кәсіпкерлерге кәсіптің жаңа бағытын дамытуға түрткі болып отыр. Қапшағай қаласында өткен курсқа барлығы 30 адам қатысты.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер