«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдағы ағайынға шағын несие берілуде

2016 жылғы 12 Мамыр
- Қостанай облысы
10403 просмотров

Өткен жылы Қостанай облысы аудандарындағы кәсіпкерлердің 70 пайыздан астамы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен шағын несиеге қол жеткізген

Биыл ауыл тұрғындарына өз ісін ашуға мол мүмкіндік тумақ

Аймақтық палата директорының орынбасары Геннадий Кукоба Өңірлік кеңес отырысында жаңа бизнес-жобаларды тіркеу жұмыстары «Атамекен» ҚР ҰКП мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының келіссөздері аясында жүргізілгенін мәлім етті.

Аудандық филиалдардың мамандары мен басшылары кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша тек кеңес беріп қана қоймай, сонымен бірге оларға микронесие алуға құжаттар пакетін дайындауға да көмектерін ұсынды. Қажет болған жағдайларда түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу және жұмыс барысын жеделдету мақсатында облыс орталықтарына өздері шығып тұрды.

«Бүтіндей алғанда, Палата 837 млн теңгені құрайтын 365  жобаны тіркеді. Оның ішінде  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша –  260, Қордың және  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша – 105 жоба. Жүргізілген сараптамаларға сәйкес, Палатаның қатысуымен кәсіпкерлердің 72%-ы микронесиелеуде көмек алды», – деді Геннадий Кукоба. 

Ол сондай-ақ, үстіміздегі жылы микронесиелеуге бөлінетін қаржы тек «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ғана жүзеге асыру жоспарланып отырғанын қоса айтты. Сонымен бірге, өткен жылға қарағанда бөлінетін қаржы екі есе көп, яғни, 1 млрд 283 млн теңгені құрайды. «Қазір біз заңнамадағы өзгерістерді, атап айтқанда, Палатаның бизнес негіздерін оқыту және қызмет көрсетуді одан әрі тіркеуге бөлінетін қаржыларды күтудеміз», – деп атап өтті  Геннадий Кукоба.

Сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі шағын бизнесті несиелеуге арналған жарғылық қоры 600 млн теңгені құрайтын «Атамекен Қостанай МҚҰ» ЖШС – біріккен кәсіпорнын құру үстінде. Осы жылдың наурыз айында «Атамекен» ҚР ҰКП Еуразиялық топ  (ERG) және Қостанай облысының әкімшілігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер