«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елбасыға костюм тігеді

2016 жылғы 12 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
11545 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында қазақстандық «GOLDEN NOMAD» кәсіпорны тіккен «АLTYN ADAM» ерлерге арналған классикалық киімдерін сататын дүкен ашылды

Аталған фирма Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап костюмдер тігеді.

Жаңадан ашылған дүкеннен әрбір тұтынушы жұмысқа немесе іс-шаралар барысына ыңғайлы іскерлік стильдегі киімдерді таңдай алады. Костюмдердің «Алтын адам» топтамасы түркиялық дизайнерлермен бірлесе отырып даярланады. Барлық үлгілер жаңа сәннің бағытымен өңделіп отырады. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балаларға арналған костюмдердің түр-түрін таба аласыз.

Отандық  өндірушілерден алғаш рет костюм сатып алған Асхат Тоқтарханов өнімнің сапасына көңілі толатындығын айтады.

«Маған костюм ұнады. Ең бастысы – матасы сапалы, ұқыпты тігілген. Өз әріптестерім мен туыстарыма отандық костюмді алуға кеңес беремін», – дейді ол.

Дүкеннің ашылу салтанатына орай әрбір сатып алушыға осы өнімнің жейделері сыйға тартылды.

Жақын күндері Өскемен қаласында «АLTYN ADAM» әйелдерге арналған классикалық киімдер дүкені ашылады деп күтілуде.

Дүкен Тоқтаров көшесі, 56/4-үй, «Мұзтау» сауда орталығы, №36 бутикте орналасқан. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер