«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралдағы кәсіпкерлер колонияда жаза өтеушілер даярлаған бизнес-жоспарларды талқылады

2014 жылғы 12 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
13838 просмотров

Оралдағы жазасын өтеушілер қамаудағы уақытын бос өткізбей, кәсіппен айналыспақ ниетте. Қазір сотталғандар абақтыдағы өндіріс цехтарында құдық ішін шегендейтін бетон сақиналарды құйып, керамзит тас соғуға кіріскен, деп хабарлайды Аstana TV. 

Ал қолы шебер тұтқындар ұлттық оюмен өрнектелген көрпе-көпшік, биялай, жұмыс киімдерін тігуде. Қолөнерге бейімі бар азаматтар ағаш пен шыныдан тұрмысқа қажетті түрлі сәндік бұйымдарды да жасауды қолға алған. 

Бірақ, қамауда отырған қалған жүздеген тұтқынды жұмыспен қамту мүмкін емес. Сондықтан, түрме басшылығы жергілікті кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақыруда. Сонда ғана жазасын өтеушілердің уақыты босқа өтпей, жұмыспен қамтылады. Бизнестің майын ішкен кәсіпкерлерді қызықтырмақ болған жазасын өтеушілер, тіпті өз бизнес жобасын да ұсынған. Онға тарта жобаның ішінен пластик терезе жасау, темір бұйымдардан қақпа, қоқыс жәшігі, балаларға ойын алаңдарын салу туралы ұсыныстар таңдалып алыныпты. 

Василий Визгалин, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бас маманы: 

Бізге қазір өндірістік станоктар қажет. Сондықтан, ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлер өздерінде кәдеге жарамай қалған ескі қондырғыларын берсе болды - өзіміз-ақ жөндеп аламыз. Бізде қолы шебер адамдар жеткілікті. Сан саланы меңгерген дипломды мамандар бар. Осы қиындық шешілсе, жұмыс алға басады деген сенімдеміз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер