ҚР ҰКП Съезіне ақтөбелік 8 кәсіпкер қатысады
Ақтөбе облысында өткен Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысында маусым айында Астана қаласында өткелі отырған «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үшінші съезіне делегаттар іріктелді
Отандық бизнес үшін маңызы бар іс-шараға облыстан «Алтын Қыран» компаниясының бас директоры, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов, «Дастан» ЖШС президенті Асхат Айтжанов, «Балақай» ЖШС құрылтайшысы Зәмзәгүл Баймағамбетова, «Каир Трэйд» ЖШС Бас директоры Владимир Гринберг, «Актюбрентген» АҚ президенті Рахымжан Исмағамбетов, ЗТБ «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы Марат Итеғұлов, «Наурыз-Сим» ЖШС директоры Ибрагим Сәрсенбаев, «КТП» ЖШС бас директоры Всеволод Щегельский сынды белгілі кәсіпкерлер қатысатын болды.
Сондай-ақ, отырыста ӨКП Несие комитетін құру мәселесі қозғалды және оны қаржыландыру бойынша жаңа жобалар қарастыру мен оң шешімін табу кеңес мүшелеріне жүктелді.
Ақтөбе облыстық әкімдігі, ҚР ҰКП және «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ арасында және Ақтөбе облыстық әкімдігі және «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасында өңірдегі және оның ірі қалаларындағы, ауылды жерлердегі шағын бизнесті несиелеуге байланысты өзара түсіністік пен ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қойылды.
«Осыған орай, кеңес мүшелері болашағы зор жобаларды таңдап алу үшін тез арада несие комитетін құру қажет», – дейді Исламбек Салжанов.
Кәсіпкерлер палатасының алдында «Ауыл кәсіпкерлігі» жобасы аясында шағын несиелеу бойынша ақпарат тарату және түсіндіру жұмыстарын жүргізу секілді ауқымды міндет тұр. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштерді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және Кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы қабылданбақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: