«Атамекеннің» шаруаларға серпінді көмегі
Мамыр айынан бастап қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін теңдесі жоқ жаңа оқыту жобасы өз жұмысын бастайды
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырғалы отырған жобаның мақсаты – ауылшаруашылық кәсіпкерлерлерінің құзіреттілігін арттырып, олардың білім алуына, тәжірибе алмасуына мүмкіндіктер жасау.
«Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Рүстем Құрманов: «Бізде ауыл шаруашылығы инерциямен дамуда, себебі, біз ауылшаруашылық бизнесін жүргізуде заманауи қадамдар жасай алмай отырмыз. Осы жылы диқандарды оқытып, олқылықтардың орнын толтырмақпыз. Кәсіпкерлерге базалық шаруашылық мысалдарды көрсете отырып, өндірісте заманауи тәсілдер жүргізуді үйрететін құзіретті орталық ашуды жоспарлап отырмыз », – дейді.
Аталған жоба, ҰКП өкілінің айтуы бойынша «Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында» іске асырылып, АӨК саласындағы 25 басым бағыт оқытылады.
«1 миллиард теңге көлемінде бюджеттен қаржы қарастырылды. 600 семинар өткізуді және АӨК-ның 10 мыңнан аса субъектісін оқытуды жоспарлап отырмыз», – деп қосты Р.Құрманов. Сонымен қоса, бұл жұмыс бір реттік емес, жыл сайын ұйымдастырылатындығын атап айтты.
«Бұл салада 180 мың АӨК субъектісі жұмыс жасайды. Әзірге, 10 мың субъектіні қамтып, уақыт өткен сайын олардың санын арттыра береміз. Сондай-ақ, 25 қазақстандық сарапшы шетелдік әріптестермен бірлесе отырып хабарласқан талапкердің кез келген сұрағына жауап беретін call-орталықтары құрылатын болады», – дейлі ол.
Жоба аясында фермерлердің өздерін қызықтырған сауалдарды қоюына, олардың өзге де әріптестерімен байланыста болуына және тәжірибе алмасуына ыңғайлы интернет-портал құру жоспарда бар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Асланов Виктор
Предлагаемая мной альтернатива позволит в разы увеличить охват, и донести действительно полезную информацию получателям.
Я предлагаю использовать накопленный нами потенциал, наши знания в области. Наше исследовательское бюро ведет постоянный мониторинг рынка зерна и масличных. Мы в тесной связи с участниками и экспертами рынка, знаем, что происходит и не боимся делать прогнозы. http://margin.kz/index.php/inform-product/692-obzor-rynka-zerna-v-kazakhstane-proizvodstvo-eksport-tsena-mneniya-uchastnikov
От себя лично хотел бы добавить, что было бы крайне интересно и полезно поучаствовать в данном проекте. Спасибо за внимание.