«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көршінің өрісі бір

2016 жылғы 05 Мамыр
- Ақтөбе облысы
10638 просмотров

Ақтөбе және Қызылорда облыстары өңіраралық кооперацияларды дамытуды қолға алмақ

Ақтөбеде өтіп жатқан Қызылорда облысының күндері барысында өңір басшылары өзара ықпалдастық пен өңіраралық байланыстарды кеңейту туралы келісімге келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңіраралық кооперацияларды дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында 2016 жылдың ақпан айынан бері оңтүстік өңірлер мен Қостанай облысынан жеміс-жидек пен өзге де өнімдерді жеткізу жұмыстары қолға алынды.

Өңіраралық кооперация механизмі тиімділігін көрсетіп үлгерді.

«Мәселен, Қызылорда облысымен өңіраралық кооперацияларды жолға қойғанға дейін біздің өңірдегі күріштің бағасы 220 теңге болса, қазір күріш 150 теңге тұрады, балықтың орташа құны келісіне 500 теңге болып келсе, Қызылорда облысынан балық жеткізу нәтижесінде оның бағасы 300 теңгеге дейін арзандады, тағамдық тұз бен басқа да азық-түліктердің бағасы арзандатылды», – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, әкім өңіраралық байланыстарды дамыту жөніндегі өзара тиімді әріптестікті ұлғайтудың ел мүддесіне сай келетінін әрі импортты алмастыру және өңірдің экономикалық дамуына қатысты жұмыстарды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараптар арасында жасалған меморандум шеңберінде облыстар арасындағы өңіраралық кооперациялардың негізгі тұжырымдамалары мен бағыттары айқындалды.

Сонымен, жақын арада екі көрші облыстың билігі ипортты алмастыру мен соңғы тұтынушы үшін азық-түліктің бағасын арзандату жұмыстарын күшейтуді бірлесе қолға алмақ: бүгін өзара тауар жеткізу туралы құны 3,3 млрд. теңге болатын 30-дан астам келісімге қол қойылды.

Негізінен ақтөбелік өнеркәсіптік өнім өндірушілер көрші жатқан өңірге қиыршық тас, қызыл кірпіш, тіркемелі техникалар, өрт шкафтар мен өрт сөндіргіштер, жылу ұстайтын құбырлар, фитингтер, бағдаршам құрылғыларын және т.с.с. өнімдер жеткізуге келісіп отыр.

Ал қызылордалықтар 2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысына өнім өндірушілер қойған бағамен 11 мың тонна азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуді өз міндеттеріне алып отыр. Сонымен қоса, Қызылорданың шауалары Ақтөбе облысынан асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отыр.

Меморандумда Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының туризмін дамыту, дәстүрлі туристік бағыттардың тиімділігін арттыру мен жаңа бағыттар ашу, туризм түрлерін көбейтуге қатысты өзара ықпалдастық мәселелері де қарастырылған. Ықпалдастық шеңберінде бірінші «Ақтөбе – Байқоңыр – Қызылорда» туристік бағыты ашылмақ. Соның арқасында Ақтөбе облысының туристері Қызылорда облысының тарихи және қорықтық жерлерін аралап, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранның ұшырылуын тамашалалауға мүмкіндік алады. Өз кезегінде Қызылорда облысының туристері Ақтолағай үстірті мен «Қобыланды батыр», «Абат Байтақ» мемориалды кешендері сынды Ақтөбе облысының көрнекті жерлерін аралай алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер