«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

KASE – балама инвестиция көзі

2016 жылғы 03 Мамыр
9447 просмотров

БҚО бизнесмендері инвестиция іздеудің балама тәсілі туралы ақпарат алды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Қазақстан қор биржасы» (KASE) АҚ-ның өкілдері бірлесіп, Орал қаласында өңірлік компаниялар басшыларының қор нарығы сарапшыларымен кездесуін ұйымдастырды.

Бизнесмендерге KASE арқылы қалай қаражат тартуға болатыны, құнды қағаздарды сату есебінен, айталық, жаңа өндірістерді ашуға, не болмаса оларды жаңартуға арналған қосымша табыс табу,  жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа өнім шығару немесе өз кәсіпорнының нарығын кеңейту жөнінде кеңестер айтылды. Басқаша айтқанда, нарыққа дұрыс әрі табыспен шығу эмитент-кәсіпорынды барынша бәсекеге қабілетті етеді. Бірақ бұл үшін қор нарығының негіздері туралы білімдер ғана емес, сонымен бірге шын мәнінде бизнесті дамытуға, оның ауқымын кеңейтуге көмектесетін жаңа инвесторлар тарту үшін күн сайын күресе білу қабілеті де қажет.

Оған қоса, жеке тұлғалар мен корпоративтік инвесторлар ғана емес, мемлекет те инвестор бола алады.  Сондай-ақ, қор нарығына қатысу кезіндегі сәттілік, тек қаражат мәселесін шешуге ғана емес, сондай-ақ, компанияның беделін көтеруге, оны барынша ашық және тартымды етуге көмектеседі.

Мұндай көшпелі кездесулер өзге өңірлерде де болады.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер