«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнайшыларға тың технология ұсынылды

2016 жылғы 03 Мамыр
- Маңғыстау облысы
15204 просмотров

Маңғыстау облысының мұнай шығару және мұнай өңдеу компанияларына адамның қатысуынсыз автоматты түрде басқарылатын резервуарларды тазарту технологиясы ұсынылды

Бейнекөрсетілім Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында, мұнай өңдеу және мұнай қызметтері компаниялары өкілдерінің шетелдік инвесторлармен кездесуі барысында өтті.

«Маңғыстау» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры  міндетін атқарушы Ақтанәлі Исмаилдың айтуынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, өңірдің бизнес қауымдастығымен бірлесе жұмыс жасауға қызығушылық танытатын шетелдік инвесторларды қолдауға ерекше көңіл бөледі.

Таныстырылым барысында «TANKIAC» (Франция) және «IPS GROUP» (Түркия) холдингтері өкілдері мұнайшыларға аталмыш технологияның артықшылықтары жайлы әңгімелеп берді.

«Біз адамның қатысуынсыз резервуарларды тазарту жүйесін жасап, Еуропаға 1997 жылдан бастап енгізе бастадық. Бұл технологияның дәстүрлі технологиядан біршама артықшылықтары бар: уақыт үнемделеді, қызметкерлер қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіледі. Себебі, резервуар ішіне адам бармайды, тазартудан алынған қалдықтар қайтадан пайдалануға және өңделуге жұмсалады», – деп атап өтті «TANKIAC» холдингі жобасының жетекшісі Марк Шиндлер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер