«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық іскер әйелдер бірігуде

2016 жылғы 03 Мамыр
- Павлодар облысы
15535 просмотров

Енді облыстың әрбір ауданында өзінің Іскер әйелдер кеңесі жұмыс істейтін болады

Кеңес құрып, төраға сайлаған бірінші аудан Павлодар облысының Қашыр ауданы болды. Кеңестің төрайымы болып жеке кәсіпкер Гүлмира Нұрханова сайланды. Оны осы маңызды қызметке тағайындау үшін облыстық Іскер әйелдер кеңесінің басшысы Райхангүл Сатабаева ауданға арнайы келді.  

«Бүгінгі күні бизнестегі әйелдердің белсенділігі артып келеді. Статистика мәліметтері бойынша, біздің өңірде шағын және орта бизнестің 29,5%-ын әйелдер басқарады, жеке кәсіпкерлердің 46%-дан астамы – нәзік жандар. Бұл бизнесвумендердің өз позицияларын нығайтып, алға қарай қозғалуы және дамуы керектігін түсінгенінің белгісі. Міне, Іскер әйелдер кеңесі осыған серпін береді. Енді мұндай Кеңес әрбір аудан көлемінде жұмыс істей бастайды», – деп атап көрсетті Р.Сатабаева.

Облыстық кеңес төрайымы облыстық ІӘК-нің жетістіктері жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде көп жұмыс атқарылған, атап айтқанда, Кеңес мүшелері әрбір ауданға барып, ауылдық бизнесвумендердің өмірімен танысты, өңірдің өзін-өзі қамтыған әйелдерінің деректер базасын құрды. Осылайша, Кеңес толыққанды жұмыс істеу үшін өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің ахуалы жөніндегі бүкіл мәліметке ие болып отыр.  

«Біздің жаңадан бастаған әйел кәсіпкерлерге көрсететін қолдауымыздың арқасында бірқатар қызықты жобалар іске асырылып үлгерді. Бұл трикотаждан тігілетін бұйымдар өндірісі, моториканы дамытуға арналған балалар ойыншықтарының өндірісі, балаларды дамыту орталығының ашылуы, дәмхана, кондитерлік цех, ешкі сүтін өңдеуші өндіріс және тағы басқалары. Осы бағыттағы жұмыс біздің тарапымыздан тұрақты түрде жүргізілетін болады. Біздің басты міндетіміз – өңір әйелдеріне еркін, кедергісіз және жан-жақты даму үшін және ойға алған жобаларының бәрін іске асыру үшін барынша оңтайлы жағдай жасау»,– деді Р.Сатабаева. 

Өз кезегінде, Райхангүл Сатабаева Қашыр ауданының Іскер әйелдер кеңесіне сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі және облыстық Кеңес тарапынан үнемі қолдау көрсетілетініне сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер