«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙТЫН МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2014 жылғы 12 Наурыз
4550 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығы 2014 жылға алғаш рет Қызылорда облысының барлық аудандарына тегін консультациялық қызмет көрсетуге өз сапарын бастады. Бұл туралы «Даму» қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының құзіретті арттыру бағдарламалары бойынша менеджері Анар Қожаниязова хабарлады.

Мобильдік орталықтар Даму Қоры жанында 2013 жылы еліміздің барлық облыстарында өз жұмысын бастаған болатын. Өткен жылдың көрсеткіштеріне сәйкес мобильдік орталық облысымыздың барлық аудандары мен шалғай ауылдарына 65 рет іс-сапармен шығып, 600-ден аса ауыл тұрғындарына тегін консультациялық қызмет көрсеткен. Орталық кеңесшілері ауыл кәсіпкерлері мен кәсіп ашқысы келетін ауыл халқына ақысыз негізде кеңес беріп, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді.

- «Биыл жоспарға сәйкес кәсіпкерліктің мобильдік орталығы Қызылорда облысының барлық аудандарына әр ай сайын іс-сапармен шығып, ауыл тұрғындары арасында тегін кеңес беру жұмыстарын жалғастырады», - дейді А.Қожаниязова.

Осы ретте, консалтингтік орталықтың жұмысымен танысып, Даму Қорының кеңесшілерінен тегін кеңес алу үшін ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығына шақырамыз. Орталықтың жұмыс кестесімен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» және аудандық кәсіпкерлік және труизм бөлімдерінді танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер