«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңнамадағы қайшылықтар нарықтағы жеке-дара билеуге әкеліп отыр

2016 жылғы 29 Сәуір
9994 просмотров

Мемлекеттік ұйым апаттық-құтқару жұмыстары нарығын түгелдей жаулап алған

Бүгін Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі жаңартылған кеңес отырысы болып өтті.

Отырыста апаттық-құтқару жұмыстары саласында кәсіпкерлік қызметті шектеуге қатысты мәселе талқыға салынды. Бизнесмендерден келіп түскен шағымдарға сәйкес, былтыр құрылған ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің кәсіптік әскери апаттық-құтқару қызметі мемлекеттік кәсіпорын құқықтық дәрежесін сылтауратып, осы нарықта үстемдік көрсетіп келген.

«Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кәсіптік әскери апаттық-құтқару қызметі» РМК апаттық-құтқару жұмыстарына байланысты 400-ден астам келісімшартқа отырып, іс жүзінде барлық нарықты иеленіп отыр. Жер қойнауын пайдаланушылар байқаулар мен тендерлер өткізуде анағұрлым тиімді шарттар іздеп жүргенде, РМК әкімшілік ресурстарын пайдаланады. Бірінші кезекте, Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өзінің қадағалау-бақылау функцияларымен бірге жауапқа тартылады, қылмыстық және азаматтық істер қозғау бастамасы көтеріліп отыр», – деді Парламент Мәжілісі депутаты Павел Казанцев.

Оның айтуынша, бұл жағдай апаттық-құтқару қызметін реттейтін заңнамадағы қайшылықтар себебінен туындаған. «Азаматтық қорғаныс туралы» заңды алып қарасақ, оның негізгі ережелері бұл сегментке кәсіпкерлік құрылымдардың қатысу құқығын қарастырады. Заң бойынша, мұндай ұйымдар құрыла алады, ал олардың біліктілік жарамдылығын тексеріп, аттестациядан өткізуді мемлекет Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет атынан өз мойнына алады. Алайда, мемлекет олардың кәсіптік жарамдылығын растаған жағдайда да, олар бұл нарыққа қатысуға мүмкіндік бермейді», – деді ол.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі комитет апаттық-құтқару қызметтер мәселелері – бұл тек мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдар жанындағы мамандандырылған қызметтерге қатысты мәселе. Яғни, күзет, өртке қарсы қызметтерді жекеменшік құрылымдарға тапсыруға болады да, апаттық-құтқару қызметін табыстауға болмайды. Мұнда «кәсіби, әскериленген» құрылымдар қажет дейді. Бұл не деген сөз екені әлі күнге дейін белгісіз. «Әскери ұйым» деген ұғым бар, алайда заңның бір де бір түсіндірмелік аппаратында «әскериленген» деген терминінің түсіндірмесі жоқ. Міне, аяқ шалар тұс осы болды», – деп қосты Өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтері қауымдастығының президенті Назымбек Әкімбеков.

Ол Кеңестен екі мәселеге қатысты назар аударуды сұрады: біріншіден, бүгінгі күні ИДМ әдейі ме, жоқ па белгісіз, әйтеуір жекеменшік апаттық-құтқару құрылымдарына кедергі келтіруде; екіншіден, бұл жағдай заңнамадағы қайшылықтарға, жекелей алғанда, «әскериленген» ұғымына байланысты туындап отыр».

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержановтың айтуынша, ИДМ министрлік пен ведомствоішілік бөлімшелерді түрлендіру жөнінде жұмыс жасауда. Сондай-ақ, ол бүгінгі күні апаттық-құтқару жұмыстары саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі қаралып жатқанын жеткізді. «Бүгінгі күні біз үкіметтің кәсіпорынды бәсекелі ортаға беру туралы қаулысы жобаларының бірін даярлап қойдық. Заңнамаға енгізілетін өзге де түзетулер бойынша жұмыстар жалғасуда», – деді ол.

Апаттық-құтқару жұмыстары саласында кәсіпкерлік қызметті шектеу туралы дәлелдерге қатысты Ержанов  ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті берген куәліктер негізінде қызмет көрсетуші жекеменшік ұйымдар қауіпті өндірістік нысандарға қызмет көрсетуге қауқарсыз, себебі олар құтқаруға шамасы жететін адамдар саны тым аз болғандықтан, апатты жоя алмайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, шенеунік барлық заңнамалық қайшылықтар түзелетін болады деп сендірді. «Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы дау шешілетін болады», – деді ол.

Кеңес отырысының қорытындылары бойынша, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдарға заңнаманың заңды және жеке тұлғаларға кәсіби апаттық-құтқару қызметтері мен құрамалар құру құқығын беру бөліміне ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.

«Екі тарап арасында туындаған түбегейлі қайшылықтардың болуы осы мәселеге назар аударуға негіз болып отыр. Әлбетте барлығы заңнамаға жекелеген өзгерістер енгізуге келіп тіреледі. Шешім жобасы бар. Сонымен бірге, мен кей тұжырымдарға қатысты үзілді-кесілділікке жол бермеуіміз қажет деп есептеймін, себебі ИДМ келтірген дәлелдердің бірқатары назар аударуға тұрарлық. Сонымен бірге, біз тағы бір мәрте қысым  мен бассыздық болғанына көзіміз жетіп отыр. Сондықтан, сіз министрге осы проблеманы шешу керек екенін жеткізіңіз. Мен оның бұл мәселені бақылауда ұстап отырғанын және қолданатын шараларды ойластырып қойғанын білемін. Біздің шешімге аздап сындарлылық қосып, заңнаманы өзгертуіміз қажет. Егер кәсіпкер құқығының бұзылу фактілері тағы да орын алар босла, онда өзге де шешімдер іздейтін боламыз», – деді Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер