Жеке кәсіпкерлердің назарына!
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған әлеуметтік аударымдар туралы
Кәсіпкерлердің өтініштеріне орай, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіпті қолданатын ЖК-лердің өз пайдасына арналған әлеуметтік аударымдарды есептеуі жайында түсініктемені жариялап отырмыз.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР заңының 1-бабында өзін-өзі қамтыған тұлға үшін әлеуметтік аударымдарды есептеудің объектісі оның алатын табыстары болып табылатындығы айтылған.
Әлеуметтік сақтандыру туралы заңның 15-бабының 2-пунктіне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі. Бұл ретте ай сайынғы табыс әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде алынады.
Егер, күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізінде есептеледі және аударылады.
Атап айта кететін жайт, ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы №215 қаулысымен ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы №683 «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгертулер енгізілген болатын («Егемен Қазақстан» газетінің 16.04.2016 жылғы №72 (28800) және «Казахстанская правда» газетінің 16.04.2016 жылғы №72 (28198) сандарында жарияланған).
Өзін-өзі қамтыған тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінің 3-пунктіне енгізілген өзгертулерге сәйкес, әлеуметтік аударымдарды есептеудің объектісі олар алатын табыс болып табылады.
Өзін-өзі қамтыған тұлғаның алатын табысы деп Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының 15- бабы 2-пунктінде бекітілген мөлшер шегінде өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес анықтайтын сома танылады.
Аталмыш норма 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жеке кәсіпкер өз пайдасы үшін әлеуметтік аударымдарды есептеуді ағымдағы қаржы жылына арнап республикалық бюджетте бекітілген 1-ші төменгі шекті жалақы және 10 еселенген төменгі шекті жалақыдан аспайтын мөлшерде өзі дербес анықтайтын табыс негізінде жүргізуге құқылы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Али