«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Президенті жұмыс берушілерге алғысын білдірді

2016 жылғы 26 Сәуір
10965 просмотров

Елбасы ірі кәсіпорындардағы дағдарысқа қарсы кадрлық саясатты жоғары бағалады

Қазақстандықтардың амандығы мен жұмыспен қамтылуы бизнес-кәсіпорындардағы басты әлеует болып қалуы тиіс. Мұны Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының жабылуында атап өтті.

«Бұл сессия қазақстандықтардың есінде қалады, өйткені ол елдегі бейбітшілік пен келісімнің жаңа дәуірін ашып отыр», – деп атап өтті Елбасы.

«Ширек ғасыр (Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – авт.) – кез келген ел үшін таныс шек, ол біздің түрлі қиындықтарды еңсеріп, аяғынан тік тұрған еліміздің кемелденуі мен табыстылығын білдіреді», – деді Президент.

«Тәуелсіздіктің әр күні мен әр жылы әр қазақстандық үшін шексіз қымбат, Қазақстанның аяғынан тұруы үшін баршамыз бар күшіміз бен шыдамдылығымызды салдық», –  деп атап өтті Елбасы.

«Біз экономикамызды өзгертіп, қазақстандықтардың мүлде жаңа буынын өсірдік. Қарапайым адамға не керек – жекеменшігіне иелік ету, сүйікті ісімен, бизнеспен айналысу, лайықты жұмыспен қамтылу, қиын сәтте мемлекет тарапынан қолдау, қорғау, көмек алу», – деді Н.Назарбаев.

«Артқа, тарихымызға және жүріп өткен жолымызға қарап отырып, қазақстандықтар ешқашан дәл бүгінгідей өмір сүрмеген деп айта аламын. Сіздер менімен келісесіздер деп ойлаймын», – деп сөзін жалғады Елбасы.

«Қазір күрделі кезең, кәсіпорындардың кірісі азаюда, кейбір жерлерде еңбекақы мен жұмыспен қамтылу жағынан халыққа қиын тиюде. Алайда, менің тапсырмам бойынша, барлық ірі компанияларымыздан, инвесторлардан ешкімді, әсіресе, жұмысшыларды жұмыстан шығармауларын сұрадым. Олардың жұмыс орны болуы тиіс. Әрине, қажет жағдайда жұмыс аптасын қысқартуға, жұмысшыларды уақытша демалысқа жіберуге болады, бәрібір адамдардың жұмысын қорғау керек. Олар мұны орындап отыр. Сол үшін оларға алғысымды білдіремін», – деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Жер кодексіне қатысты түзетулерден туындаған дауға өз бағасын берді.

Жанар Сердалина

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер