«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның несиелік рейтингі

2016 жылғы 26 Сәуір
10374 просмотров

Moody 's Қазақстанның рейтингін  Baa3-ке төмендетті

«Атамекен» ҚР ҰКП Жиынтық талдау департаменті рейтинг төмендеуінің себебін толыққанды негіздеп берді

Рейтингтің төмендеуінің негізгі факторлары мыналар:

  1. Жақында орын алған, елдің қазыналық және экономикалық әлеуетін айтарлықтай әлсіретіп жіберген мұнай бағасының төмендеуі;
  2. Экономиканың жалпы құлдырауымен және ұлттық валютаның айырбастау бағамының төмендеуімен қатар банк секторындағы тәуекелдердің артуы.

Болжамның жағымсыз болуы банк секторының төлем қабілеттілігіне тоқтаусыз қысым көрсетілуіне негізделіп отыр. Бұл өсу перспективаларын шектеп, қаржылық және салықтық тәуекелдер тудырады.

Рейтинг төмендеуін анағұрлым толығырақ негіздеу.

1-ші фактор – елдің қазыналық және экономикалық әлеуетінің әлсіреуі.

Мұнай бағасының арзандауы үкіметтің және тұтас экономиканың төлем балансының әлсіреуіне себеп болып, бұл несие нарығына да әсер етті. Екі жыл ішінде (2013-2015 жылдары) жедел даму үстіндегі елдер қатарына кірген мемлекет бюджет тапшылығына тап болып отыр. ЖІӨ-ге шаққандағы бюджет кірісінің үлесі 8,6%-ға төмендеген, төлем балансы бойынша 2013 жылы профицит 5,2%-ға тең болса, 2015 жылы  3,2%-ға тең дефицитке дейін азайған. Оған қоса, осы кезең ішіндегі Үкімет төлем балансының ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 0,4%-дық профициттен 2,2%-дық  дефицитке дейін төмендеген. Ұлттық валютаның 2015 жылдың тамыз айында еркін айналымға ауысуы және оның АҚШ долларына (2015 жылдың тамызынан желтоқсаны аралығында) шаққанда шамамен 45%-ға құнсыздануы елдің валюталық қорын сақтауға, үкімет кірістерін сыртқы өзгерістер ықпалынан қорғауға мүмкіндік берді. Бұл шараның жағымсыз жағы ретінде инфляция мен сыртқы қарыздардың өсуін атауға болады.

Девальвация салдарынан сыртқы қарыздарды өтеуге кететін шығындар арта түскен. Қарыз құрылымында шетел валютасындағы қарыздар үлесі 2014 жылғы 23,2%-дан 2015 жылы 42,6%-ға дейін артқан. 2016 жылы бұл көрсеткіш 46,8%-ға дейін арта түседі деген болжам айтылып отыр. Бұл ұлттық валютаның бұдан кейін де әлсірей түсетінінің белгісі.

Бюджетті түзету жөнінде уақытылы қабылданған шараларға қарамастан, Moody +'s Қазақстан 2016 және 2017 жылдары бюджет тапшылығын тартып, бұл, өз кезегінде, сыртқы қарыздың артуына әкеледі деп отыр. 2014 жылы сыртқы қарыз көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 14,6%-ға тең болса,  2015 жылы бұл көрсеткіш 21,8%-ға дейін көтерілген, ал 2016 жылдың соңына қарай 22,9%-ға артады деген болжам жасалып отыр. ЖІӨ-ге шаққандағы қаржылай емес мемлекеттік сектордың қарызы 2014 жылғы 22,3%-дан 2015 жылдың соңына қарай 28,5%-ға дейін артқан. Дегенмен, активтердің айтарлықтай азаюына қарамастан, ҚР Ұлттық қоры елеулі қазыналық дәнекер саналады (2016 жылдың наурыз айында 64,3 млрд.$ болған).

Moody 's-дің мұнай бағасының төмен көрсеткіші ұзақ уақытқа тұрақтайды деген болжамын есепке алсақ, 2016 жылы ЖІӨ өсімі 0%-ға, ал 2017 жылы 1%-ға тең болады деген болжам жасауға болады.

Сонымен бірге, 2014 жылы 221 млрд.$-ға тең болған Қазақстан экономикасының көлемі (нақты ЖІӨ АҚШ долларымен) теңге бағамының әлсіреуіне байланысты 2015 жылы 187 млрд.$-ға дейін кеміген. Бұл көрсеткіш 2016 жыл қорытындысы бойынша 128 млрд.$-ға тең болып, бұдан кейін де кеми түседі деген болжам айтылды. ЖІӨ-нің доллар мәнінде азаюы шетел валютасымен есептелетін сыртқы қарызды өтеуді қиындата түседі.

2-ші фактор – банк секторындағы тәуекелдердің артуы.

Экономиканың құлдырауы, ұлттық валютаның құнсыздануы, сонымен  бірге пайыздық мөлшерлемелердің кенеттен артуы жеке капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мен Қазақстан банктері пайдалылығының төмендеуіне әкелді.

Көптеген жергілікті ірі кредиторлардің несиелерді қайта құрылымдаудың жоғары үлесі (оның ішінде АҚШ долларымен берілген проблемалық несиелер жөнінде) туралы ақпарат беруі толастар емес, осылайша несиелер бойынша күтіліп отырған шығындарды толықтай бағалауға мүмкіндік болмай отыр. Анағұрлым сақтанымдық позициясын (несиелер бойынша шығындарды мойындау) ұстанған жағдайда, кей банктер жеткіліктілік коэффициентін орнатылған нормалардан да азайтатын болады.

Жағымсыз болжам

Жасалған болжамның жағымсыз болуы банк секторына түсетін қысым көбейе түсіп, бұл  экономикалық, қазыналық және қаржылық тұрақтылыққа теріс ықпал ету мүмкіндігін айқындап отыр. Банк секторы экономикадағы құлдырауды қиындата және ұзарта түседі, бұл мемлекеттік кірістердің кемуіне немесе шығындарға түсетін қысымның арта түсуіне, мемлекеттік бюджет дефицитінің артуына және сыртқы қарыздар көлемінің өсуіне себеп болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер