«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңтүстік Кореялық кәсіпкерлер Ақтөбеде

2016 жылғы 26 Сәуір
- Ақтөбе облысы
10459 просмотров

Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері Ақтөбе облысында бірлескен кәсіпорын құруға ынталы

Шығыстан келген қонақтар Ақтөбе өңірінің экономикалық әлеуетімен танысу мақсатында облысқа арнайы ат басын бұрды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қонақтар мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдері арасында кездесу ұйымдастырды. Соңғы мәліметтер бойынша, Ақтөбе облысы  мен Оңтүстік Кореяның арасындағы тауар айналым 92 млн АҚШ долларын құраған. Өзара тиімді серіктестік  арқылы аталған соманы бірнеше есеге арттыруға екі жақта ниетті екендіктерін білдірді.

Келген арнайы делегациянның құрамында Корей ұлттық мұнай корпорациясының, шағын және орта кәсіпорындар корпорациясының, сауданы сақтандыру корпорациясының, саудаға ықпал ету корпорациясының, Халықаралық мердігерлер ассоциациясы және денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының өкілдері болды. Келешекті жобалары бар жергілікті компаниялардың жетекшілері әлеуетті инвесторлармен танысып, серіктестікті жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктерін талқыға салды.

Кездесу барысында Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды, кореялық компаниялар қызметінің негізгі бағыты және екі ел кәсіпкерлерінің арасына бизнесті жүргізу мәселелері талқыланды.

Соңында, қонақтар «Ақтөбе» индустриалды аймағын аралады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер