«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестегі әйел – табысты шешімдер

2016 жылғы 26 Сәуір
- Ақтөбе облысы
7454 просмотров

Шараны Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімі Іскер әйелдер кеңесі жұмысы аясында ұйымдастырған. Оған 30-ға жуық қыз-келіншек қатысты.

Бизнес-тренер Ирина Дульцеваның айтуынша, «Маркетингтік зерттеулер – болашақты жасау құралы» деп аталатын алғашқы практикалық тренинг бизнестегі маркетингтің негізгі мақсатын іске асыруға бағытталған.

«Біз бизнесвумендерге тауар немесе көрсетілетін қызметтің талаптарға сай болуы және өздерін өздері сататындай дәрежеге жетуі үшін не істеу керек және қалай әрекет ету керектігін үйреттік. Біз әйел кәсіпкерлер осы алған білімдерінің арқасында қаражатты үнемдеуге үйреніп, оны бизнесті дамытуға жұмсайтын болады деген үміттеміз. Себебі, маркетингтік зерттеулер біраз шығынды қажет ететін процедура», – деді Ирина Дульцева.

3 сағатқа созылған тренингтен қатысушылар өз бизнес сегментінде маркетингтік зерттеулер жүргізу және олардың негізінде бәсекеге қабілетті маркетингтік әлеует қалыптастыру арқылы тиімділікке қол жеткізу үшін қандай құралдар  қажет екенін біле алды. 

Бағдарлама аясында қатысушылар маркетингтік ақпарат жинау, оны жинау үшін қандай тәсілдерді басшылыққа алу керектігінен хабардар болды. Сондай-ақ, әлеуетті нарық, оның құрылымы мен конъюнктурасы, сатылымды болжау туралы білімдерін толықтырды.

«Тренингке қатысушылардың географиясы мен жас ерекшелігіне қуанып отырмыз. Тренинг тақырыбы тек қалалық қана емес, ауылдағы әйел кәсіпкерлерге де қызықты болды. Алдағы уақытта осындай семинарлар мен шеберлік сыныптарын аудандарға шығып өткізіп тұру керек деген шешімге келдік», – деді ӨКП бөлім басшысы Дамиля Құнанова. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер