Кеме иелері мен теңіз көлік қызметкерлеріне қандай мамандар қажет?
Ақтауда салалық ЖОО мен теңіз саласындағы кәсіпорындар басшыларының қатысуымен теңіз мамандарын даярлау мәселесі талқыланды
Айта кету керек, Ақтауда теңіз саласының мамандарын даярлаумен материалды-техникалық базасы білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті айналысады.
Сонымен бірге, ЖОО ректоры Әділбек Ботабековтың айтуынша, бүгінгі күні білім беру жүйесі мен өндірістің өзара әрекеттестігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге кедергі болып тұрған бірқатар проблемалар бар.
«Бұл жұмыс берушілер тарапынан белгілі бір біліктілікке ие мамандарды даярлау тапсырысының, сонымен бірге мониторинг әдіснамасы мен стандарттар мен бағдарламаларды түзету үшін қажетті кәсіби білікті мамандар бағалауының жоқтығы», – деді Әділбек Ботабеков.
Оның бұл пікірімен облыс Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Гүлжан Шәймерденова да келісіп, кадрларды даярлаудағы өндіріс пен білім беру салаларының бірігуінің маңыздылығын айтып отыр.
«Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасып келеді. Инженерлік-техникалық білім беру кадрларды даярлауда инновациялық білім беруге ақырындап көшуде. Экономиканы дамыту бағдарламаларын іске асыру инженерлік-техникалық кадрлар құрамының сапалылығына байланысты болып отыр. Олар технологиялар саласындағы терең әрі жан-жақты білімге ие болуы керек және оны өндірісте тиімді пайдалана білуі қажет. Сондықтан барлық ЖОО жұмыс берушілер сұранысына көбірек назар аударып отыр», – деді ӨКП өкілі.
Салалық кәсіпорындар өкілдері теңіз саласына арналған білікті кадрларды даярлаудағы кәсіби стандарттарды жасаудың өзектілігін айта келе, осы проблемаларды шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін айтты.
Отырыс қорытындылары бойынша, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында теңіз саласындағы кәсіби біліктілікті Ұлттық біліктілік аясының деңгейлеріне сәйкес сипаттайтын кәсіби стандарттарды жасау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, оқу орны «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағымен және «Ескерткіш қызмет Қазақстан» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: