«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлікке жайлы жағдай керек

2016 жылғы 22 Сәуір
- Астана қаласы
9703 просмотров

Астана қаласында кәсіпкерлер палатасының қатысуымен Мемлекеттік кіріс департаменті халықаралық сауда жағдайын жеңілдету және жақсарту жөнінде дөңгелек үстел өткізді

Департамент бастығы Әбілқайыр Сқақов 5 институционалды реформаны жүзеге асыру аясында және Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасы негізінде мемлекет кәсіпті жүргізуді жеңілдету бойынша қыруар шаруа атқарып жатыр. Бірақ қазіргі таңда кедендік әкімшілік бойынша, оның жетілмей қалған құрылымы бойынша, мемлекеттік органдардың мағлұматтарының интеграциясы жоқтығынан электронды декларация жасалмай келеді. Бұл мәселелер Астанадағы кедендік тіркеуден өту, жаңа көлік-логистикалық орталыққа қатысты барлық органдардың қатысуымен жүзеге асырылуы керек.

«2016 жылдың мамыр айының басында Астанадағы көлік-логистикалық орталық аумағында кедендік тіркеу орталығын ашу жоспарланып отыр. Осындай қимылдың нәтижесінде кедендік тіркеулердің алатын уақыты азаяды. Бір жерде барлық қызмет өкілдері отырады. Уақытша қойма қызметінен бастап кедендік өкілдер, кедендік тіркеу орталығы, карантин қызметі,  әкімшілік полиция, екінші деңгейлі банк қызметі, және т.б. Қазіргі кезде барлық кедендік тіркеулерді жабуға 2 тәулік кетеді. Осыны 3-4 сағатқа ғана ұзаратындай етіп жөндемек», – деді Әбілқайыр Сқақов.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алмат Жүнісов осындай орталықтың ашылуын өзекті деп атады.

«Көлік-логистикалық орталық – Қазақстан үшін концептуалды жаңа бастама. Астана үшін де солай. Кәсіпкерлік үшін аса тартымды жағдай. Кедендік тіркеу орталығын көлік-логистикалық орталықтың ішінен жасақтау барлық қызметтердің біркелкі жұмыс істеуін дұрыс ұйымдастыра алуға тіреліп тұр. Осы қызметтердің бірізге түскен соң, халықаралық сауда қатысушыларын тартуға болады», – деді Алмат Жүнісов.

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы қазіргі кезде «Атамекен» ҚР ҰКП еншілес компаниясы сыртқы сауда палатасымен халықаралық кәсіпкерлік ортаның қызығушылығын қалай оятамыз деген мәселені қарастырып жатыр. Қазақстанда да, шетелде де екіжақты кездесулер ұйымдастырылып жүр.

Дөңгелек үстел қатысушылары жаңадан енгізілгелі жатқан реформа нәтижесінде құжаттарды өткізуді жеделдетіп, кедендік қызмет пен өзгесінде оңайлатып, халықаралық сауда жасауға ыңғайлы жағдай жасайтындығына сенім білдірді.

Баяндамашылар сөзін аяқтаған соң, ашық диалог өтті. Дөңгелек үстелде кәсіпкерлерге арнап жағдай жасалу керектігі сөз етілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер