Төрелік туралы заңнамаға бірыңғай тәсілдеме
2016 жылдың сәуірінде қабылданған «Төрелік туралы» заңның қосымшалары турасында
ҚР «Төрелік туралы» заңы бұрынғы «Аралық соттар туралы» және «Халықаралық төрелік туралы» қос заңның ережелерін біріктірді.
Заң азаматтық-құқықтық дауларды соттан тыс реттеу бойынша ішкі және халықаралық төрелік қызметін құқықтық жағынан бірыңғай тәсілмен қамтамасыз етуге бағытталған. Төрелік түсінігі енді Қазақстанда бұрын қолданыста болған аралық соттарды, халықаралық төрелікті қамтиды.
Төреліктің ведомстволық қарауына дауға шетелдік азаматтың қатысуына қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы жеке құқықтық даулар енгізілген. Бұрынғы заңнама бойынша ішкі дауларды, яғни Қазақстан Республикасы резиденттері арасындағы дауларды аралық сот, ал шетелдік субъектінің қатысуымен болған дауларды халықаралық төрелік қарайтын.
Жаңа заңда төрелік процессте қарастыруға болмайтын даулар санаты анықталған. Оларға мынандай даулар жатады: кәмелеттік жасқа толмағандардың мүдделеріне қатысты; мүліктік дауға қатысы жоқ, жеке мүліктік емес қатынастардан туындаған даулар; табиғи монополия субъектілері мен олардың тұтынушылары арасында туындаған даулар; оңалту және банкроттық туралы даулар; әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет етуі шектелген деп танылған тұлғаларға қатысты даулар; мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері арасындағы даулар.
Сонымен қатар, бұл заңның «Аралық соттар туралы» бұрынғы заңнан өзгешелігі бір жағынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің арасындағы, екінші жағынан мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері арасындағы дауларды қарастыру мүмкіндігін қарайды. Алайда бұл үшін тиісті саланың уәкілетті органының (республикалық мүлікке қатысты) немесе жергілікті артқарушы органның (коммуналдық мүлікке қатысты) келісімі талап етіледі.
Бұл ереженің бұрынғы ережедегідей бір тарап Қазақстан Республикасының резиденті емес дауларға қатысы жоқ. Олардың қатысуымен қаралатын дауларға уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органның келісімі талап етілмейді.
Қосымша тараптардың төрелік келісім жасалғаннан бастап дау туындағанға дейін жүйелі мерзімде екінші жаққа бұл туралы ескерте отырып, біржақты бастарту мүмкіндігі болып табылады. Мұндай жағдайда арызданушы дауды соттық немесе басқа тәртіпте қарау үшін кейінге қалдыруы мүмкін.
Заңда резиденттер арасындағы даулардың да, шетелдік субъект қатысқан даулардың да төрелік шешіміне шағымданудың бірыңғай тәсілі енгізілген. Төрелік қабылдаған шешімді мемлекеттік соттар бұрынғыдай аралық сот шешіміне шағымдану барысындағыдай заңдылық қағидасының бұзылғандығын негізге ала отырып тексере алмайды.
Төрелік шешімнің күшін жоюға немесе оны мәжбүрлі түрде орындаудан бас тартуға тарап төрелік істі қарау барысында Заңда, азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан қосылған халықаралық Конвенцияларда келтірілген рәсімдік ережелердің бұзылғандығы туралы дәлел келтірсе ғана, рұқсат етіледі.
Жаңа заңның жаңашылдығы, онда қайта ашылған жағдайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарауды болдырмау негіздері бекітілген. Бұрындары төрелік туралы бірыңғай заң қабылданбастан бұрын, қайта қарау мүмкіндігі Қазақстан Республикасы резиденттері арасындағы ғана дауларды қарайтын аралық соттарға ғана қатысты болған.
Заң төрешілерге ғана емес, процесске қатысушыларға да қатысты төрелік құпиялылығы қағидасы әрекетін кеңейтеді, бірінші кезекте тараптардың келісімі мен Төрелік институттарын реттеу ережесін есепке ала отырып, төрелік іс қараудың диспозициялылығын реттейді.
Төрешілерге жас жағынан және біліктілік жағынан қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың тәуелсіздігі мен туралығын қамтамасыз ететін талаптар күшейтілген.
Заңда төрелік іс қарау барысында тараптарға дауларды медиациялық тәртіпте реттеу мүмкіндігі ұсынылған.
Республикада төреліктің алдында тұрған төрелікті дамытуға оңтайлы жағдай жасау, оның қызметін мониторингілеу, төрешілердің біліктілігін арттыру сияқты мәселелерді шешу мақсатында заңда Төрелік палатасын құру және оның қызметтері туралы ережелер қарастырылған.
Айта кетерлігі, заңдағы аталған өзгерістерді мемлекеттік сотқа қатысты төрелікті артық көру таңдауына жатқызуға болмайды.
Артық көру өлшемдері басқада, олар бұрын да болған. Оларға, мысалы, төрешілерді және нақты төрелік мекемені тараптардың өздерінің таңдауын; даудың құпиялылығы мен оны қараудың бір инстанциямен аяқталуын; материалдық шығындар жағынан үнемділік пен істі қарау мерзімі бойынша жылдамдықты; істі қарау рәсімінің жеңілдетілуі және оның орнын таңдауды; Қазақстан сияқты төрелік бойынша халықаралық конвенцияларға мүше көптеген елдерде төрелік шешімді мәжбүрлі орындауды жатқызуға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік сотқа төрелік шешімдердің күшін жоюға рұқсат берілмеуі, бұрын резиденттер арасындағы ішкі дауларда орын алған заңдылықты бұзу белгілері бойынша күшін жоюға жаңа занда негіздеменің жоқ болуы мемлекеттік сотқа емес төрелік сотқа арыздануға басымдық беруге себеп болады.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ елу және одан жоғары пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың қатысуымен дауларды қарауға тиымның жоқтығы да төрелік сот қарайтын істердің өсуіне қызмет етуі мүмкін. Алайда, бұған заң бойынша сәйкес саланың уәкілетті органының (республикалық мүлікке қатысты) немесе атқарушы органның (коммуналдық мүлікке қатысты) келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етілетіндігі кедергі келтіруі мүмкін.
Заңда бекітілген дауларды сотсыз баламалы шешудің еріктілігі және төрелік процесстің бірқатар артықшылықтары төрелікке жүгінуге негіз болады. Алайда, мұндай мүмкіндік тек қана дауға қатысушы тараптардың төрелікке жүгінуге қос жақты келісімі болған жағдайда және олар дау туындағанға дейін немесе дау туындаған соң жекелей жазбаша шарт жасасқанда ғана туады.
Туындаған немесе туындауы мүмкін шаруашылық дауларды шешуде тараптардың орган таңдауда айтарлықтай қиындыққа тап болатыны олардың төреліктің құқықтық мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жетік білмеулеріне байланысты. Бұл жеке тұлғаларға ғана емес, төрелік туралы түсінігі кемшін заңды тұлғаларға да (олардың өкілдеріне) қатысты. Қазақстанның төрелік палатасын құру туралы жаңа бастама төрелік қызметін ынталандыру мүмкіндігі мақсатына бағытталған.
Сонымен қоса, төрелік туралы бірыңғай заңның қабылдануы төрелікті дамытудағы жекелеген проблемалық мәселелерді жоққа шығара алған жоқ, кейбір тұстарда мәселені күрделендіріп жіберді. Заңда түрлі субъектілер арасындағы төрелік келісімге келу мүмкіндігі түрліше шешіледі, бір жағдайда тараптардың өздерінің келісімі жеткілікті болса, келесі бір жағдайда уәкілетті органнан қосымша келісім алу талап етіледі.
Төрелік келісім жасаудың тұрақсыздығына заңға тараптардың дау туындағанға дейін бір жақты тәртіпте төрелік келісімнен бас тарта алатындығы туралы жаңа ереженің енгізілуі де әсер етеді.
Бұрынғы заңнамадан өзгешелігі, ішкі даулар бойынша да, шетелдік субъектілердің қатысуымен туындаған даулар бойынша да қайта ашылған жағдайлар бойынша төрелік шешімді қарауға рұқсат етіледі. Бұл төрелік шешімге нүкте қойылмайтындығын білдіреді.
Төрелік процесске қатысты бірқатар рәсімдік мәселелер мен жекелеген құжаттардың мазмұндары, мәселен, істі төрелік іс қарауға дайындау, хаттаманың мазмұны, оған ескертпелер беру, регламенттелген міндетті тәртіпке келтірілген.
Заңда «төрелікке» бірнеше рет түсініктеме берілген, бұл заңды қолдану тәжірибесінде қиындық келтіруі мүмкін. Заң мазмұны бойынша бұл түсінік төрелік мекемелер мен төрешілерді қамтитын жалпылама сипатқа ие, ал халықаралық тәжірибеде «төрелік» терминімен қатар, жеке дара төрені немесе төралар алқасын білдіретін «төрелік сот» термині қолданылады.
Осы және өзге проблемалық мәселелер келешекте заңнамалық тәртіпте сәйкес өзгерістер енгізу арқылы шешілуі мүмкін.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: