Қазақстанда электронды астық қолхаттары жүйесі енгізіледі
Таяуда ҚР Парламент Сенаты астық нарығын реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер қабылдады
Аталмыш мәселе «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, салалық қауымдастықтар мен одақтар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, сондай-ақ, ауылшаруашылық құрылымдары басшыларының қатысуымен талқыланды.
Ең алдымен, отырысқа қатысушыларға астық қолхаттары жүйесі таныстырылды. «Заң электронды астық қолхаттары жүйесін жетілдіруді, сонымен бірге астық қолхаттары анықтамасын құжатсыз формаға ауыстыруды көздейді. Бұл шара біртіндеп астық қолхаттары қозғалысының ашықтығын анықтауға, нарық мүшелері, оның ішінде екінші деңгейлі банктер тарапынан астық қолхаттарына сенімді күшейтуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Тағам өнеркәсібі және АӨК департаментінің директоры Рүстем Құрманов.
Сондай-ақ, отырыста сындарлы сұхбат қалыптасып, соның аясында өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған биопрепараттардың, биоагенттердің (энтомофагтардың) және гербицидтердің құнын субсидиялау Ережесі шеңберінде бірінші топтағы гибридтерді және (немесе) бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды сатып алу мәселелері де талқыланды. Жалпы алғанда, жоба жақсы қабылданды. Қазір бұл құжат «Атамекен» ҚР ҰКП-ның сараптамалық тұжырымын алу және келісу сатысында тұр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: