Кәсіпкердің қырағы көмекшісі
«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкер адамдарға арналған мобильді қосымшаның тұсауын кесті
«Атамекен» ҚР ҰКП туристік сала комитеті жиыны болып өтті. Оған ҰКП төралқа төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қатысты. Отбасы кәсібі қауымдастығының басшысы Яна Исакова Қазақстандағы іскерлікке арналған және іскерлік туризмді дамытатын «Business Event Network» атты мобильді қосымшаны көрсетті. Оның ішінде көрмелер, конференциялар, форумдар және т.б. көптеген іскерлікке қатысты шаралардың болатын жері, уақыты көрсетіліп тұрады.
«Негізгі аудитория Қазақстан деп таңдап жатырмыз. Өйткені, жұмыс үдерісі кезінде, іскерлік шалаларда жүргенде де, үнемі қайда, не боп жатқанынан бейхабар болып қаламыз. Көп кәсіпкерлер қызықты шараларды әбден өтіп кеткенде естіп жатады. Сондықтан бірінші нысан – Қазақстан. Бірақ біздің әлден шетелдік серіктестеріміз бар», – деп хабарлады ол.
Исакованың айтуынша, іскер туризмнің өзіндік инфрақұрылымы мен аудиториясы бар. «Ерекше бір салым салуды талап етпейді. Тек жақсылап қызмет көрсетуді, тиянақты ақпарат алуды көздейді. Бұл аудиторияның ең үлкен жетістігі – олардың қалтасында қаржысы бар, мақсатын айқын білетін топ», – деді қауымдастық төрайымы.
Сарапшылар «Business Event Network» инновация емес екендігін атап өтті. Мұндай қосымшаның әлемде балама түрлері жетеді. Олардың барлығы дерлік сұранысқа ие екен. «Біздің қосымшаның ерекшелігі неде? Белгілі бір шаралар тізімін қарауға болады. Керек емесін өшіріп тастауға ыңғайлы. Өзіне керегін тауып алады. Мәселен, мен дәрігер болсам, маған ауылшаруашылық шаралары қызық емес. Өзіме қызығын ғана таңдаймын. Керек деген өңірді таңдай алам. Қазақстан бойынша белгілі бір қаланы, облысты, басқа елді таңдауыма болады», – деп түсіндірді Исакова.
«Оның үстіне біздің қосымша – жай ғана ақпарат тарататын құрылым емес, ол өздігінше бір іскерлер торабы. Егер бір адам қосымшаға тіркелген болса, сол бойынша бір шараға келсе, автоматты түрде GPS қосылады. Ол дереу қосымша арқылы осы шараға келушілерді біле алады. Мұнда кімді көре алатыны, кіммен сөйлесе алатынын біліп отырады. Қосымшадан бірден қоңырау шалып, кездесуге келісуі мүмкін», – деп қосты қауымдастық төрайымы.
Және бір тамаша жаңалық, қосымшада сан алуан компаниялардың анықтамасы бар. «Мәселен бір елге, бір шараға бара қалсам, визиткам таусылып қалса, оргтехника бұзылса, кімнен сұраймын? Мен ақпаратты интернеттен қарастырамын. Осындай қиындықтарды біз қосымшаға тіркедік. Арнаулы ақпарат анықтамалығы бар. Анықтама қосылған компанияға келісімде біз екі сағаттың ішінде қызмет көрсетеміз деп кепілдік береміз», – дейді Исакова.
Қосымшада шарадағы тамақтану тіртібі де жазылып отырады. Оның үстіне бос уақытта қайда баруға болатынын да білуге болады.
«Бұл қосымша EXPO кезінде де, Қазақстанның басқа да үлкен шаралары кезінде тұрақты серіктесіміз болса екен деп ойладық», – деп бітірді сөзін Исакова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: