«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кішігірім компанияларды қор нарығына шығаруға көмектеседі

2016 жылғы 20 Сәуір
8517 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мен «Қазақстан қор биржасы» АҚ төралқа төрайымы Алина Алдамберген өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Юлия Якупбаеваның айтуынша, қор биржасы әлемдегі барлық экономика үшін кәсіпкерлердің қаржы таба алатын жері. Банктен несие алудың бір баламасы. Ең бастысы акционерлік капитал орны. «Бүгінгі таңдағы инвесторлар шоғыры біраз өзгерді. Нарыққа сұранысы бар компанияның да мәні өзгерді. Егер бұрын зейнетақы қорлары басымдық танытқан кезде нарық ірі компанияларға қызығушылық танытатын, қазір бөлшектік сауда дамуын қарай отыра, нарықта аты белігілі болып қалған, өз кәсібін дөңгелетіп кеткен кішігірім, орташа компанияларға қызығушылық артып келеді», – деді ҰКП төраға орынбасары. 

Ю.Якупбаева мәлім еткендей, орталық депозитарий мағлұматтары бойынша, бүгінде 100 мың инвесторлық шоттар тіркелген. Сүйінші жоба ретінде былтыр тамаша нәтиже көрсеткен «БАСТ» компаниясы болды. Оны нарыққа «Фридом Финанс» атты инвесторлық компания алып шыққан болатын. Олардың пікірінше, бұл компанияның акциясы күн өткен сайын сенімді түрде өсіп келеді.

Қор биржасына шығару үшін компания өз есеп-қисабын ретке келтіруі керектігін атап өткен абзал. Корпоративті басқару реттеледі, сату деңгейін көтереді, қаржылық көтермеелеу мен инвесторлық сауаттылық талап етіледі, қор биржасының қалай жұмыс істейтінін тиянақты түрде түсіндіреді. Осының барлығын түсіндірген Ю.Якупбаева қор биржасымен серіктес болудың маңызын көрсетіп берді.

«Біздіңше, «Атамекен» бүгін Қазақстан қор биржасымен қол қойған меморандум халықаралық қаржы орталығы жасап отырған өзара байланысқа белсенді тиімділігін тигізеді деп сенеміз. Уақыт тезінен сүрінбей өткен қазақстандық қор биржасы институты біздің қор нарығындағы және қор нарығының кәсіби мүшелерінің консалидациясын реттеу тетіктерін дамыту бойынша сенімді серігіміз болса екен дейміз», – деді Ю.Якупбаева бір сөзінде. 

Қазақстан қор биржасының басшысы Алина Алдамберген: «Бұл нарық үшін ерекші байланыс. Біз «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе бірқатар отандық компаниялардың дамуына үлесін қоспақпыз. Оларды жергілікті қор нарығына алып шығатын мүмкіндік» деді.

«Экономикалық дамудың баяу жүруінен Қазақстан дәл осы қор нарығын дамытуы керек. Оны балама ретінде экономикалық өсімнің қайнар көзі деп қарастырса болады. Шағын және орта кәсіпкерліктің көп компаниялары, оның ішінде ҰКП қарасты компаниялар да бар, қаржылай қиындық көріп жатқаны белгілі. Біздің мақсат – осындай компанияларға қаржы тарту бойынша қолдау білдіру», – деді KASE басшысы.

Алина Алмдамбергеннің сөзіне сенсек, Қазақстан қор биржасы бірқатар кешенді шаралар қолданбақ. Оның алғашқысы, отандық кәсіпкерлерге жергілікті қор нарығына шығуға лайықты жағдай туындату. Екіншіден, отандық ұйымдардың тұрақты әрі ашық болуын қадағалау. Үшіншіден, халықаралық корпоративті басқару тәжірибесін қолданатын ұйымдар көбейетін болады.  

Оның айтуынша, KASE бен ҰКП бірлесе отырып кәсіпкерлерге арналған кеңес беріп, лекция өткізіп, мастер кластар жүргізбек. Шағын және орта кәсіпкерлікті қор нарығына баулып, ақпараттандыруды күшейтетін шараларды ұйымдастыруды көздеп отыр.

Басқаша айтқанда, ҰКП мен KASE бірігіп, қор нарығының нақты субъектілерінің мүддесін қорғайтын болады.

«Қазақстанда 2347 акционерлік қоғам тіркелген, оның тек 85-і KASE-тің листингіне кіреді. Сондықтан біздіңше Қазақстан ең алдымен шағын және орта кәсіпкерліктің арқасында эмитентті және инвесторлық негізін ұлғайта алады. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің биржаның клиенті болса, қаржы табуы жеңілдейді. Жуырда ҚР Ұлттық банкі атап өткен либерализация аясында біз эмитенттерге ыңғайлы жағдай жасап отырмыз. Біздің алдымыздағы мақсатымыз біршама қиын. Қор нарығына кем дегенде бес отандық компанияны жыл сайын алып шығуды көздеп отырмыз», – деді А.Алдамберген.

Оның айтуынша, KASE-тің кішігірім компанияларды нарыққа шығаруы бойынша аздаған тәжірибесі бар екен. Былтыр кен қазу «БАСТ» компаниясына IPO жасалды. «Бұл компания тек қана қазақстандық қор нарығында ғана қаржы тартып қойған жоқ, ірі инвесторлардың да назарына түсті. Оларға қызықты жобаларға тікелей инвестиция салу маңызды. Сондықтан барлық отандық компанияларға осындай мүмкіндікті жіберіп алмасын деп айтып отырмыз. Тезірек эмитент немесе инвестор болып құнды қағаздар нарығына шығуға шаықрамыз», – деді KASE басшысы.

Юлия Якупбаева меморандум нәтижесінде екіжақты келісімнің арқасында ортақ жоспар жасайтынын айтты. Жоспарда ортақ жұмыстың басты мақсаттары жүзеге асады. Ол – жаңа қаржы құралдарын дамыту, инвесторлық базаның баламасын жасау, компаниялардағы корпоративті басқару мен қаржылай деңгей мен инвесторлық сауаттылықты көтеру.

«Жыл сайын қор нарығына отандық бес компанияны шығаруды мақсат етіп отырмыз. Егер қор нарығында жекешелендіру жүрсе, эмитенттер саны әлдеқайда көп болар еді», – деді Ю.Якупбаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер