«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруалар, кооперативке мүше болыңыздар!

2016 жылғы 20 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
11328 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов аудандық филиалы ауылшаруашылық кооперативтерін құрудың артықшылықтары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда

Жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері жұмыс сапарымен Бидайық және Жамбыл ауылдарында болып қайтты, онда ауылшаруашылық кооперативтерін құрудың артықшылығы мен мүмкіндіктері жайлы семинарлар өткізді.

«Биылғы жылдың қаңтар айында күшіне енген ауылшаруашылық кооперативтерін құру туралы заң еліміздің ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қосымша мүмкіндіктер ашып берді. Енді шаруа қожалықтары өз шаруашылықтарын тиімділікпен жүргізіп, дамыту үшін өздерінің күш-жігерін біріктіре алады, ал мемлекет тарапынан кооперативтерді қолдау саланы дамытуға жаңаша серпін береді», – деп атап өтті өз сөзінде КҚО консультанты Қуаныш Темірханов.

Семинар аясында КҚО  өкілдері ауыл кәсіпкерлеріне құқықтық мәселелер жөнінде кеңес берді, кооператив құру үшін қандай құрылтай құжаттары керек екенін айтты, сондай-ақ, оларды тіркеу процесінде көмек көрсетуге даяр екендіктерін білдірді.

Биылғы жылдың наурыз айынан бері Уәлиханов ауданының Ақтүйесай ауылдық округінде «Қызыл ту 16»  ӘКК  – алғашқы өндірістік кооператив ашылып үлгергенін атап айту қажет, оған да аудандық КҚО жан-жақты консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсеткен болатын.

Айта кетерлігі, аудандық кәсіпкерлер осындай кооперативтердің құрылуына қызығушылық танытып отыр және осы тектес семинарларға белсенді қатысуда. Ауыл бизнесмендері кооперацияның еңбек өнімділігін көтеруге, өнім сапасын көтеру арқылы мамандануды тереңдетуге, тауарлардың ірі партияларын жасауға ықпал ететінін жақсы түсінеді. Мұның бәрі, сайып келгенде, шаруаларға өз шығындарын оңтайландыруға және өз еңбектерінің кірісін арттыруға көмектеспек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер