«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда жасалған: ШОБ-ты ірі бизнес арқылы қолдау

2016 жылғы 19 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
13408 просмотров

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Казцинк» ЖШС отандық өндірушілермен 95 млрд.-тан астам теңгеге  келісімшарт бекіткен

Бұл туралы «Қазақстанда бірге жасалған» пікірлесу алаңы барысында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры Игорь Шацкий айтып берді.

«Өңір экономикасын дамытудың басым мәселелерінің бірі – отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы, жүйе құраушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардағы мемлекеттік сатып алуларға қатыстыру арқылы дамыту», – дейді Игорь Шацкий.

Осыған байланысты, өңірде «Казцинк» ЖШС мен шағын кәсіпорындар арасында шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде Серіктестік бағдарлама қолға алынған. Бағдарлама мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық құрамды арттыру, жергілікті жекеменшік бәсекелестікті нығайту және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін жүйелі іс-шараларды қамтиды.

«Казцинк» ЖШС Серіктестік бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында  қазақстандық өндірушілерді дамытуға, жергілікті жеке меншік кәсіпкерлікті нығайтуға және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға үлкен үлес қосуда.

Серіктестік бағдарлама аясында өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум негізінде ШҚО әкімдігі, «Қазцинк» ЖШС, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы арасында Бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асуда.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың хаттамалық тапсырмасы бойынша 2016 жылдың 4 ақпанында  «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жергілікті органдармен бірге өңірлерде отандық компанияларды қолдау аясындағы мемлекеттік алулар саласында жұмыс комиссияларын құру механизмдерін жасау тапсырылғанын айта кету керек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер