«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Керуен-караван» сізді күтеді!

2016 жылғы 19 Сәуір
- Ақмола облысы
8907 просмотров

Ақкөл қаласының экономикалық картасында жаңа нысан – «Керуен-Караван» қонақ үй кешені ашылды

Қонақ үй ашылмастан бұрын орасан зор жұмыстар жасалды. 2014 жылы ӨКП филиалына қала тұрғыны Наталья Егорова көмек сұрай келген еді. Алдымен өтініш білдіруші жергілікті жағдайды жақсылап бағдарлап алды. Оны кәсіп бастауға  байланысты қалыпты сұрақтар мазалаған еді: бизнестің қай түрі табыстырақ, оны ашуға қаражатты қайдан алуға болады, мемлекеттік қолдау құралдары.

Қажетті кеңесті алған соң, Наталья Егорова өзінің бизнес-бастамасын жүзеге асыру мақсатында алғашқы қадамдарын жасай бастады. Алдымен, бизнес түрін анықтап алды. Қонақ үй олардың қалашықтары үшін айтарлықтай табысты сала. Жобаны сүйемелдей отырып, Палата сарапшылары толықтай стратегия әзірлеп шықты. Олар қонақ үй қызметінде кездесетін қалыпты жағдайдан бас тартып, Ақкөл өңірінде жоғары сұранысқа ие сегментті таңдап алды.

«Ақкөл ауданы – елорданың маңында орналасқан өңір, мұнда транзиттік жолаушылардың ағыны көп. Шағын қонақ үй ашу табысты болады деп ойладық. Алайда, мұндай шағын қонақ үйге уақыт жағынан, қаржылық жағынан аз шығын кетпейтінін ескеруіміз керек, бастамасы дұрыс болса, қайтарымы да тез болады. Кәсіпкер соған дайын болуы тиіс», – дейді ӨКП филиалының директоры Марат Бекмағанбетов.

Палата филиалы сарапшыларының пікірінше, қонақ үй ашуды мақсат тұтқан кәсіпкер, алдымен, қызметтің құқықтық-ұйымдастыру түрін таңдап алуы шарт. 15 нөмірлі шағын қонақ үй үшін ЖК дәрежесі де жеткілікті.

«Қонақ үйдің негізгі мақсатты тобын да анықтап алған жөн, яғни болашақ тұрғындарды нақты бір белгілері бойынша іріктеп алу – қызметі, жасы, қалауы, табыс деңгейі. Бұл мәліметтердің барлығы болашақ тұтынушының портретін құрап береді», – дейді сарапшы.

Жас бизнес-ханым «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 60 миллион теңге алып, оны екі қабатты шағын қонақ үйдің құрылысына жұмсаған. Қонақ үйді ашу 9 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер