«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбылдағы «Ревизорро»

2016 жылғы 19 Сәуір
- Жамбыл облысы
9115 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы туристерге арналған арнайы сайтта қонақ үйлер, мейрамхана мен дәмханаларға объективті баға береді

Жамбыл облысында туризмді дамыту жобасы кең көлемде жүргізіліп жатыр. Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен арнаулы жұмыс тобы облыс аумағындағы барлық туристік маршруттар бойынша жүріп өтті. Нәтижесінде өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевқа 700 шақырымдық инфотур көрсетілді. Ол барлық қиындықтарды шешуге көмектесемін деп уәде берді.

Кәсіпкерлер палатасының аудандық өкілдерімен, жергілікті билік өкілдерімен, туристік компания өкілдерімен әр ауданда жұмыс топтары құрылып, саяхат жасады.

Әр жұмысшы топ өз ауданының керекті нысандарын зерттеп қоймай, облыстың да әр маңызды жеріне аялдап, бағалап шығады. Сөйтіп өңірдің туристік қалпын боямасыз хаттап, көрсетеді. Инфотурлар 10 сәуірден басталып, мамырдың ортасына дейін жалғасады.

«Жұмыс тобындағы инфотур мүшелері де қарапайым туристер сияқты туркомпаниялардың қызметіне ақы төледі. Тарихи маңызы бар нысандарға тоқтап, тамақтанады, кешкі ас ішеді, қонақүйлердің қызметіне жүгінеді. Осының арқасында шынайы көзқарас қалыптасады. Кемшілігіміз бен жақсы жақтарымызды жіпке тізеді», – дейді Кәсіпкерлер палатасынің директоры Қарлығаш Аралбекова.

Кәсіпкерлер палатасы біршама жұмыс істеп тастады. Өңірдегі туристік саяхаттарды жандандыруға кететін шығын сметасын жасады. Егер 42 миллион теңге бөлінсе, нысандардың сыртқы түрін жаңартуға болатыны анықталды. Жол бойындағы сілтеме белгілер қою керек. Нысанның кім, неге арналғанын баяндайтын ақпараттық стендтер қажет. Облыс орталығында, аудандарда ақпараттық билбордтар, туристік жарнама ілу, ең маңыздысы туристік сайт жасау күн тәртібінде тұр. Онда облыстағы басты нысандармен танысып, қонақ үй таңдау, дәмхана мен мейрамханаларды іріктеу оңай болады. Сайтта тек палата өкілдері мақұлдаған, қызметіне көңілі толған тамақтану нысандары мен қонақ үйлердің тізімі жүктеледі.

Оның үстіне қонақтардың ыңғайына қарай бұл өңірдің тарихына көз жүгірткісі келген адамдар үшін облыстың толық туристік картасы жасалады. Оған 48 нысан кіретін болды.

Кәсіпкерлер палатасы жыл сайын облыста туристерді тартатын Қызғалдақтар фестивалі мен Қазақ хандығының фестивалін ұйымдастырып тұру керек деген ұсынысын айтты.

Қазіргі таңда смета жасақталды. Өтініш облыстық депутаттар мәслихатының қарауына жіберілді.

Оған қоса жуырда өзге облыстың өкілдерінен тұратын делегация келмекші. Оларда бұл өңірдің нысандарымен таныспақ. Облыс басшысы өзге облыстардың басшыларымен келісім жүргізіп қойды.

Анықтама үшін

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова бастаған, облыс әкімі кәрім Көкірекбаев қоштаған, құрамында ӨКП өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, туристік компания өкілдері, қонақ үй мен мейрамханалар басшылары, тарихшылар, археологтар, журналистер кірген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы барлық аудандарды аралады. Олар туристік нысандардың барлығына қатысты бағалау жұмыстарын жүргізді, нысандарды жаңартуға кететін, басқа да инфрақұрылымын реттейтін шығынды есептеді.

Өңірде 3365 тарихи нысан бар, оның 713-і жергілікті ел үшін маңызды, 28 республикалық дейгейдегі ірі нысандар, тағы бесеуі халықаралық дейгейдегі мәртебелі нысандар. Олар ЮНЕСКО-ның қамқорлығында. ӨКП бастамасымен жасақталған жұмыс тобы облыстағы барлық тарихи нысандарды аралап шықты. Маршруттың ұзақтығы 700 шақырымға дейін ұзарды. Көптеген ескерткіштердің жағдайы мәз емес. Қызмет көрсету деңгейі де көңілден шықпады. Инфотурдың нәтижесі 90% ескерткіштерге баратын жолдың жағдайы өте нашар екенін көрсетті. Бұл мәселені Кәрім Көкірекбаев аудан басшыларымен бірлесе отырып шешетін болды. Биыл жолдарға грави сеуіп өтпек. Келесі жылы бюджеттен қаржы қарастырмақ.

Үлкен жолдың бойында ақпараттық стендтерге лайықты назар бөлінбеген. Жергілікті тарихи нысандардың жарнамасы ілінбеген. Тағы бір  қиындық – екі тілде: орысша-қазақша қатар түсіндіре алатын гидтер жоқ. Инфотур нәтижесімен танысқан Кәрім Көкірекбаев жұмыс тобына алғыс білдірді. Көзделген түйткілдерді шешуге жергілікті билік барынша көмектесетінін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер