«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірлесе жүргізген бизнес жеңіл

2016 жылғы 18 Сәуір
9136 просмотров

Қытайлық инвесторлар қазақстандық компанияларды өзара тиімді серіктестік орнатуға шақырып отыр

Аспан асты елінің бизнесмендері қазақстандық жобаларға қатысу ниетін білдіріп, қазақстандық әріптестеріне инвестицияларды біріктіруді ұсынды.

Биылғы жылдың наурыз айында Нанкин қаласында (ҚХР, Цзянсу провинциясы) «Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА-ын дамытуға шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі форум өтіп, оған 150 қытай компаниясының өкілдері қатысқан.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА Қытай, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер, Орталық Азия мен Еуропа елдері арасындағы тауар ағындарының түйіскен жерінде орналасқан өңірлік көліктік-логистикалық хаб болып саналады. ЕЭА бірегейлігінің мәні, ең алдымен, Азия мен Еуропаға жүзеге асатын жүк жеткізілімдерінің логистикалық тізбегін қамтамасыз етудегі зор мүмкіндіктердің болуында жатыр. Сонымен бірге, заманауи инфрақұрылым,  салықтық және кедендік жеңілдіктер тұрғындар саны шамамен 180 млн болатын Еуразиялық экономикалық одақ нарығы мен сауда айналымы 110 миллиардқа жуық АҚШ долларына тең ҚХР-дың бірлесіп жаңа өндіріс орындарын ашуына мүмкіндік бермек.

Форумда Қытай бизнес-қоғамдастығының өкілдері «Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА-тағы ҚР мен ҚХР арасында индустриалды серіктестік бағдарламасын орындауда ынтымақтастық орнатуға даяр екендіктерін жеткізді.

«Біз қазақстандық бизнесмендермен бірлесе жұмыс жасағымыз келеді және оған дайынбыз. Біз жоба бойынша инвестициялардың бір бөлігін өз мойнымызға алсақ, қалған бөлігін қазақстандық тарап көтеріп алар еді. Ынтымақтастықтың мұндай түрі екі тарапқа кепілдік беріп, өзара тиімді жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», – деді Қытай елінің бизнес-қоғамдастығы.            

Осыған байланысты, KTZ Express ұлттық мультимодальды көлік операторы қазақстандық бизнесмендерді серіктестікке шақырып отыр. Олармен байланысу үшін мына тел. арқылы  +7 7172 611 359 ішкі. 445 немесе мына электронды мекенжай арқылы почтуb.mukishev@ktze.kz хабарласу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер