«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзіңмен бірге кофе ал!

2016 жылғы 15 Сәуір
- Алматы қаласы
15128 просмотров

Алматының кәсіпкерлер палатасы жедел қызмет көрсететін «Jolly Volly»  кофеханасының тұсаукесеріне қатысты

Алматыда әлемде атағы жер жарған «Jolly Volly» жедел кофеханасы ашылды. Компанияның иесі Максим Сәрсенов алматылықтарға Такси кәсібі қауымдастығының төрағасы ретінде, сәтті шыққан «Эко Taxi» жобасының акционері ретінде етене таныс.

Бұл марканың басты идеясы – клиентке қызмет көрсету: жедел кофеханадан жаңадан демделген американо, капучино, мокко, латте, немесе ыстық шоколад ішуге болады. Бүгінгі таңда Алматы көшелерінде 24 кофемобиль жүр. 2017 жылға дейін кофе сатқыш көліктер санын 36 жеткізу көзделіп отыр. Келешекте «Фуд трак» деген брендті қосу ойда бар. Әлемдегі танымал «Фрозен йогурт» атты мұздатылған йогурт сатпақшы. Jolly Volly Қазақстан нарығындағы көш бастаушы компаниялармен жұмыс жасайды: Adal, Ақсай нан, Nestle, King Coffee Service.

«Жедел кофехананың жұмысы барлық талаптарға сай. Санитарлы эпидемиологиялық шарттарды ескеріп қызметке кірісті, – дейді компания басшысы Максим Сәрсенов. – Peugeot Partner-дің арнаулы құрылғылармен жабдықталған көліктерінде Magister-дің көлікте кофе қайнату құрылғысы орнатылған. Толықтай автономды. Ол құрылғыны ештеңеге қоспай, жұмыс жасай береді. Соның арқасында кез келген жағдайда өте жоғары сапалы кофены жылдам дайындауға болады».

Алматының кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов, ҚР «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік саласындағы әрбір жаңа идеяға зор қолдау білдіреді.

«Бұл қоғамдық тамақтану саласындағы өзгешелік. Әлем бір орнында тұрмайды. Заманауи құндылықтың бірі – уақыт, жылдамдық, сапа, тез қызмет көрсету болып тұр. Осы қызмет мен атап өткен барлық құндылыққа сай келіп тұр екен. Сіздерге сәттілік тілейміз! Өркендей беріңіздер!», – деп құттықтады кофехана қызметкерлерін Юрий Тілеумұратов.

Тұсаукесер кезінде Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры шағын және орта кәсіпкерлікті қыржысыз қолдаудың шаралары туралы айтты. Ол Алматы қалалық өңірлік кәсіпкерлер палатасына қарасты кәсіпкерлерді қолдау орталығының ұсынатын қызметтері туралы да айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер