«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Сатып алулар – бизнеске нақты көмек көрсетуді қажет ететін сала»

2016 жылғы 13 Сәуір
- Атырау облысы
9640 просмотров

Тауарларды, қызметтерді және қызмет көрсетулерді сатып алу саласында жергілікті кәсіпкерлердің үлесін арттыру керек

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі мен дирекциясына осыны тапсырды.

«Бүгінгі таңда шамамен 8 трлн. теңгені құрап отырған мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алулар қазіргі күрделі кезеңде отандық тауар өндірушілері үшін драйверге айналуы мүмкін. Әсіресе бұл ірі жер қойнауын пайдаланушылардың көп бөлігі шоғырланған Атырау облысы үшін өзекті болып отыр. Сіздерде тек қана жергілікті ғана емес, тұтас қазақстандық бизнес деңгейін айқындайтын сатып алулар көлемі айтарлықтай ауқымды. Бұл артықшылықты пайдаланып қалу керек, себебі бүгінгі таңда сатып алулар – бұл бизнеске шын мәнінде көмек көрсетілу қажет саланың нақ өзі», – деді Төралқа басшысы.

Мұнай бағасының  түсуі салдарынан өңірде өндіріс көлемінің кемуі, мұнай сервистік компаниялардағы жұмыс орындарының қысқаруы байқалуда.  Тимур Құлыбаев бұл жағдайды жақсартудың алғышарты «Теңізшевройл» компаниясын кеңейту жөніндегі – Қашаған кен орнын іске қосу жобасы деп санайды. Бұл жергілікті және тұтас қазақстандық компаниялар үшін жұмыс көлемін арттырып, күрделі кезеңді өткеруге сеп болмақ.            

«Әкімдікпен бірлесе отырып жер қойнауын пайдаланушылармен мемлекеттік, сондай-ақ квазимемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыс жасауға күш салу қажет. Өзіміздің тауар өндірушілер үшін қолда бар тізімнен қандай ұзақмерзімді келісім-шарттар жасауға болатынын ойластыру қажет. Мен бұл олар үшін пайдалы болады деп есептеймін. «Теңізшевройл» компаниясымен бірге біз осы жөніндегі жұмыстарды қолға алдық. Бүгінгі күні аталған компанияның қолында ТШО жеткізушілері саналатын компаниялардың тізімі бар. Мұнымен қоса инвесторлар да Қазақстанда қандай өндірісті оқшаулай алатыны жөнінде ойлануы керек. Осы екі ақпараттық алаң бойынша бірлесе жұмыс жасаған жөн», – деп түйіндеді ҰКП Төралқа төрағасы.

Сонымен бірге, Тимур Құлыбаевтың айтуынша, бұл мәселені шешуде әділ бәсекелестік орнауы үшін жариялылықты қамтамасыз ету қажет.

«Бастысы, жер қойнауын пайдаланушылар техникалық тапсырма жасау кезінде отандық тауар өндірушілердің сұранысы мен мүмкіндіктерін есепке алса болды. Егер техникалық ерекшелікті алдын ала шетел кәсіпорындарының өнімдерін назарға ала отырып жасаса, онда ОТӨ ешқашан сатып алуларға қол жеткізе алмасы анық. Отандық тауар өндірушілері де өз кезегінде өнім сапасы мен бағасы жөнінен стандарттарға сай болуы қажет», – деп қорытындылады ҰКП Төралқа басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер